Тәуелсіз еліміздің Ата Заңында: «Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады және оның ең қымбат қазынасы – адам, оның өмірі, құқықтары мен бостандығы» — делінген.
Барлық құқық қорғау органдары алдына қоятын міндеттер де осы маңызды құжат – Конституциядан тарайды, соған негізделеді. Ішкі істер органының ең басты мақсаты — азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау. Өздерінің күнделікті жұмысында полицейлер азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын іске асыру аясында қажымай қызмет етуде.
Осындай қызметкеріміздің бірі Маратов Темірлан Серікбекұлы 1996 жылы Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданына қарасты Ақсуат ауылында дүниеге келген. 2008 жылы Алматы облысы Талдықорған қаласына қоныс аударып Талдықорған қаласының №25 орта мектебін бітірген. Мектепте оқып жүрген кезінде мектептің қоғамдық өмірінің белсенді оқушыларының бірі Темірлан қалалық Абай оқуларына қатысып, жеңімпаз атанған. Жанұяда үш ұлдың үлкені болғандықтан, ол өзінің арқасындағы ата-ананың ақ үмітін сезініп өскен. Атасы Омарұлы Марат Ақсуат ауылының құрметті тұрғыны әрі жергілікті полиция бөлімінде қызмет атқарған. Ол атасын көрмеген, бірақ жастайынан атасы жайында ізетті әңгімелермен тұрғындардың жылы лебізін естіп өскен Темірлан келешекте полицияда қызмет атқаруды қалаған.
2014 жылы мектепті жақсы аяқтап, бірден М. Есболатов атындағы ІІМ Алматы академиясына ақпараттық жүйелер мамандығына оқуға түседі. 2018 жылы ол Академияны табысты аяқтап, лейтенант шеңін алып шығады. Сол жылы Павлодар станциясындағы желілік полиция бөліміне ақпараттық-аналитикалық тобының инспекторы лауазымына тағайындалады. Оның тәлімгері бөлім бастығының орынбасары полиция подполковнигі Дүйсебаев Асқарбек Қанатұлының айтуынша, Темірлан адал, өзіне талап қоя білетін, алдына қойылған жоғары мақсаттарға қол жеткізуге тырысатын қызметкер. Қазіргі күні ол заңгер мамандығы бойынша «Туран Астана» Университетінде білімін одан әрі жалғастыруда.
Темірлан ағылшын тілін жетік меңгерген, өзінің кәсіби және жеке тұлғалық қасиеттерін үнемі дамытумен айналысатын, Қазақстан халқына және Қазақстан Республикасының полициясының имиджін арттыруға қызмет ететін бірден бір азамат деуге болады. Бос уақытында, «Дені саудың – жаны сау» деген қанатты сөзді алға қойған азамат, кітап оқумен қатар спортпен шұғылдануды ұштастырады. Ол Шыңғыс Айтматов пен Мұхтар Әуезовтің шығармаларын сүйіп оқиды. Бұған қоса ән салуды да, гитарада ойнауды жақсы көреді. 2018 жылы Астана қаласының 20 жылдығына орай Өскемен қаласында «Ел жүрегі-Астана» атты патриоттық әндер байқауына қатысты.
«Біз еліміздің ең Негізгі Заңына адал болуымыз керек, азаматтардың құқығын қорғау басты міндеттеріміздің бірі болып саналады. Еліміздің болашағы үшін, Ата Заңдағы негізгі қағидалардың сақталуына біз, әсіресе жас ұрпақ, жауаптымыз», — деп Темірлан өз пікірін білдірді.
Темірланның ішкі істер органындағы қызметі жаңа басталуда, бірақ өзінің жеке, кәсіби қасиеттерінің, жан-жақтылығы мен тәжірибелі тәлімгерлерінің арқасында полиция имиджін одан әрі дамытуға ол өз үлесін қосады деген сенімдеміз.

Павлодар ст. ЖПБ

Loading

от admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
Астарлы ақиқат агенттігі whatsapp желісі
Сәлеметсіз бе?
Сізге қандай көмек көрсете аламыз?