Егер, 1 ауданда 16млн. жымқырылса, облыс бойынша қанша қаржы қалтаға кетіп жатыр?-деген сұрақ мазалап отыр.

Шиелі ауданындағы «Электр торабы» мекемесінде қызмет жасаған Ардақ Сыздықова, «Электр торабы» мекемесіндегі 16 млн. қаржыға яғни қоймада жоқ заттарға қол қойдыру мақсатында қысым көрсеткені және құжаттарға қол қоймаған соң, ол кісін жұмыстан шығарып жібергені туралы баяндап берді. Айтуынша сол мекемедегі бір қызметкер, Ардақ Сыздықованың басына қарай тоқ пен шәй қайнататын шәйнекті де лақтырып ұрған көрінеді.

Ардақ Сыздықова

Ардақ Сыздықованың шағымы мен арнайы, «Астарлы ақиқат» ақпарат агенттігі Қызылорда облысына барып, «КРЕК» мекемесінің орынбасарына жолығып, ол кісінің рұқсаты мен Шиелі ауданындағы «Электр торабы» мекемесінің қоймасын, басшылық пен бірге облыстан жіберілген өкілі және арызданушы Адақ Сыздықованың қатысуы мен көріп шықты .

«Астарлы ақиқат» ақпарат агенттігі мен бірге арызданушы Ардақ Сыздықова, және Шиелі аудандық «Электр торабы» мекемесінің қоймасы алдында сұхбат барысы

Бұл жағдайды неге облыс прокуратурасы тексеріп, қаржыларды сұратпай жатыр?-деп сұрақ қойсақ, «Электр торабы» қарайтын «КРЕК» басқармасының бастығы орынбасары, облыс прокурорының келіншегі деген қауесеттер бар- деп тілге тие кетті.

Арызданушы Ардақ Сыздықова мекеме заңгерлері мен бірге, өзара сұхбатынан көрініс

Шиелі ауданы, «Электр торабы» мекемесінің басшысы сұхбатын тыңдап көрдік.

Шиелі ауданы «Электр торабы»ның басшысы

Жұмыстар жасап жатқанынан басқа мардымды жауап берді-деп айта алмаймыз. Заңгеріне сілтеме жасап оңай құтылды менімше. Заңгерінің жауабы төмендегідей:

Шиелі ауданы «Электр торабы» мекемесінің заңгері

Кабинетінде «той тойлаған» электр торабы мекемесінің басшысы делінген азаматқа барлық той-думан рұқсат, ал қызметкерлерінің 16 млн. теңге туралы айтуына қатаң тыйым салынатын диктатура орнаған ба Қызылорда облысында, айтыңыздаршы Алик Шпекбаев?

Кабинетіндегі орын алған жағдайға фейсбук әлеуметтік желісінде жазылған ақпарат.
Кабинетіндегі орын алған жағдайға фейсбук әлеуметтік желісінде жазылған ақпарат.

Ардақ Сыздықованың парақшасында, Электр торабы мекмесінің басшысы көтеріңкі көңілде жүрген бейнежазбалар жарияланған болатын. Алайда, «Жұмыстан босатылуы мүмкін. Тәртіптік жаза қолданылады»-деген Шиелі ауданы әкімдігінің парақшасында өтірік ақпарат жарияланған көрінеді. Қандай жаза қолданылғанын емес, біз «Астарлы ақиқат» ақпарат агенттігі қызметкерлері, Шиелі ауданы «Электр торабы» мекемесі басшысын өз орнында отырғанын ғана көзбен көріп, «жұмыс жасап жатырмыз»- деген сұхбатын алып қайттық

https://www.facebook.com/sardarabdyjakia/posts/1466844006836431
Кабинетіндегі көңілді отырған «Электр торабы» мекемесі басшысы (архив)

16 млн. теңге туралы айтқаны үшін, ананы зар жылатып жұмыстан қуып жүберу қаншалықты заңды Гүлшара Әбдіқалықова?

КРЕК мекемесінің орынбасары облыс прокурорының әйелі деген қауесеттер қаншалықты рас?

Tamara Duisenova, президент апаратынан арнайы тексеру жібермесеңіздер қаржылар оңды-соңды қалталарға кетіп жатқан көрінеді. Назарға алуларыңызды сұранамын?

Сардар Әбдіжақия «Астарлы ақиқат» ақпарат агенттігі

фото, видео авторы: Н. Серікжанұлы Қызылорда облысынан

Loading

от admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
Астарлы ақиқат агенттігі whatsapp желісі
Сәлеметсіз бе?
Сізге қандай көмек көрсете аламыз?