Ел ішінде ауыз суға қол жеткізе алмай отырған тұрғындар, ауыл ақсақалдары, өздерінің өкпелері мен шағымдарын жеткізді. «805 млн. қаржының жауабын ала алмай отырмыз»- деген тұрғындар, ауыз суды сатып алатынын, және ол сатып алып ішетін сулары қандай су екенін біле алмай күмәнданып, «Астарлы ақиқат» ақпарат агенттігін Түркістан облысы, Сарыағаш ауданындағы Қызылжар ауылдық округіне шақыртқан болатын.

Тұрғындар мен кездесу барысы

Пандемия кезінде ауыз суды сатып алып ішіп отырған Қызылжар ауылдық округі тұрғындарымен тілдесіп көрдік:

Сардар Әбдіжақияның фейсбук парақшасында түсірілген тікелей эфирдегі тұрғындар сұхбаты

Тұрғындардың ауыл ішіндегі ауыз су жүйесіне тиесілі жұмыстардың кемшіліктерін өздерінің телефондарына түсіріп алып, жолдаған бейнежазбаларын ұсынып, журналистерге сол бейнежазбадағы түсірілген жерлерді көрсетті.

Тұрғындардың бастауы мен, су сақталатын, және су таратып беретін резервуар басында болып, ол жердегі күзеттегі азамат пен тілдесіп, жұмысын атқарып отырған азамат 1 ай еңбек ақысын алмай, жұмысқа шықпағанын және ол резервуарда ешқандай су жоқ екендігін сұхбат барысында көз жеткізуге мүмкіндік берді.

Ауылдағы резервуар басындағы даудан көрініс

Қызылжар ауылдық округі тұрғындарының арызы бойынша, Сарыағаш ауданы «Тұрғын үй және коммуналдық қызметтер» бөлімі мекемесінің жаңадан қызметке тағайындалған Е. Исмайлов пен тілдесіп көрдік:

Сарыағаш ауданы «Тұрғын үй және коммуналдық қызметтер» бөлімі мекемесінің басшысы Е. Исмайлов

Сарыағаш ауданы әкімдігінің жауабында, Қызылжар ауылдық округі, Қызылжар елді мекенін ауыз сумен қамтамасыз ету жұмыстары 2018-2019 жылдары аралығында жүргізілген. Құрылыс монтаж жұмыстарын мердігер мекеме «ЖИГИТА» ЖШС-гі келісім шартқа сәйкес 641 385 702 теңгеге атқарған. Елді мекенді суға қосу көзі «Нұра топтық су құбыры» РМК «Сарыағаш ТСЖ» өндірістік бөлімшесінің пайдаланудағы насос станциясы. Ағымдағы жылы елді мекенге су беру барысында су жүйесінде бірқатар кемшіліктер анықталуына байланысты ауыз су берілмеген. Бұл мәселе бойынша мердігер мекемеге тиісті шаралар қабылдау туралы 12.06.2020 жылғы №392 санды хатпен Сарыағаш аудандық прокуратурасына жолданған. Қазіргі таңда пайдаланудағы насос станциясынан елді мекеннің су сақтау қоймасына су қысымын реттеп су жіберетін І-көтерілімді насос станциясы салынуда, құрылысы 01.11.2020 жылға аяқталса елді мекендердің ішкі жүйесіне су берілетін болады-деп жауап жарияланды.

Жүйедегі кемшіліктер бойынша 641 млн. қаржының жауабы әзірге жоқ, тексерулер де тыныш, үн шығар емес, бірақ Сарыағаш ауданы «Тұрғын үй және коммуналдық қызметтер» бөлімі мекемесінің басшысы Е. Исмайлов өзінің әрекеті мен, келесі жылы емес, қазан айында ауыл тұрғындарына ауыз су жеткізуді жоспарлап отыр. Ал 641 миллионның жауабын енді тек жоғарғы отырған орган қызметкерлерінен сұрайтын боламыз.

(Жалғасы бар) Сардар Әбдіжақия «Астарлы ақиқат» ақпарат агенттігі Түркістан облысы

Loading

от admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
Астарлы ақиқат агенттігі whatsapp желісі
Сәлеметсіз бе?
Сізге қандай көмек көрсете аламыз?