Нұр-Сұлтан тұрғыны ZOOM-да математика сабағында бесінші сынып оқушыларына порнография көрсетілгеніне шағым түсірді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оның айтуынша, онлайн сабақ барысында оқушыларға порно көрсетілген. Facebook пен Instagram желілерінде бұл оқиғаға қатысты жазбалар пайда болды.

Нұр-Сұлтан қаласының білім басқармасы бұл оқиға 3 қыркүйекте болғанын растады.

«Бесінші сынып оқушыларын Zoom платформасында математика пәні өтіп жатқан кезде оқу процесіне бөгде адамдар араласқан. Олар балаларға ұятсыз слайдтар көрсетіп, балағат сөздер айтқан. Ата-аналардан және мұғалімнен хабарлама алғаннан кейін мектеп әкімшілігі олармен онлайн-кеңес өткізді. Оқушылармен чат және платформаларда жұмыс істеу кезінде этиканы сақтау туралы түсіндіру жұмысы жүргізілді», — делінген хабарламада.

Басқарманың мәліметіне сәйкес, сол күні кешке ата-аналар балалардың телефонын тексерген. Бірақ одан нәтиже шықпаған.

Сондай-ақ, білім басқармасы Нұр-Сұлтан қаласы полиция департаментінің басшысы Ержан Сәденовтың атына хат жолдағанын атап өтті. Tengrinews.kz

Loading

от admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
Астарлы ақиқат агенттігі whatsapp желісі
Сәлеметсіз бе?
Сізге қандай көмек көрсете аламыз?