Түркістан облысының полицейлері жүгенсіз жүргізушілерді жауапқа тартты-деп забарлайды Түркістан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Естеріңізге сала кетейік, әлеуметтік желіде Түркістан қаласындағы орталық көшелердің бірі яғни Б.Саттарханов даңғылы бойында бірнеше автокөліктердің жол ережесін өрескел бұзғаны жөнінде бейнежазба таралған болатын. Онда «Мерседес, Хундай, Лада, Тойота» көліктері өте қатты жылдамдықпен жарыса жүріп, қарсы бағытқа шығып, көліктің терезесінен шығып тұрғандары көрсетілген.

Аталған жол қауіпсіздігі ережесін бұзып, құқықбұзушылық жасаған автокөліктерді анықтау мақсатында Түркістан ҚПБ-ның қызметкерлері шұғыл іске кірісті. Тексеру жұмыстары барысында 4 көліктің де жүргізушілері анықталып, жауапқа тартылды. Нақтырақ айтсақ:

  • «Хундай» және «Тойота» маркалы көліктердің жүргізушілеріне ҚР ӘҚБтК-нің 595-бабы 1 бөлігімен «Маневр жасау қағидаларын бұзу»;
    -«Мерседес» маркалы көліктің иесіне 606-бап «Жол жүрiсiне қатысушының жол жүрiсi қағидаларын авариялық жағдай туғызуға әкеп соққан бұзушылығы»;
    -«Лада-приора» көлігінің жүргізушісіне ҚР ӘҚБтК-нің 596-бабы 5-бөлігі « Көлiк құралын жолдың жүру бөлiгiнде орналастыру, қарсы жүрiп өту немесе басып озу қағидаларын бұзу» және 612-баптың 2-бөлігімен «Құжаттары жоқ және басқару құқығы жоқ адамның көлiк құралын басқаруы» бойынша хаттамалар толтырылды. Заң бұзушылардың көліктері айыптұраққа қойылды. Олар өздерінің кінәларын толық мойындап, жасаған әрекеттері үшін тұрғындардан кешірім сұрады. Алдағы уақытта мұндай бассыздықтарға жол бермейтінін жеткізді.
    Өз кезегінде Түркістан облысының полицейлері автокөлік иелерін жол қозғалысы ережелерін сақтауға, көлік құралын құжатсыз және мас күйінде басқармауға шақырады. Жол қозғалысы ережелерін бұзудың соңы жүргізуші куәлігінен айыруға, әкімшілік қамауға немесе қылмыстық жауапкершілікке, сондай-ақ жүргізушілер мен жолаушылардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіруі мүмкін. Сондықтан жолда жүргенде ережеге бағынып, қауіпсіздікті сақтауларыңызды сұранамыз. Осы орайда кейбір жүгенсіз жүргізушілерге құр мақтанға салынып, соңында опық жеп қалмаңыздар деп ескертеді.

Loading

от admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
Астарлы ақиқат агенттігі whatsapp желісі
Сәлеметсіз бе?
Сізге қандай көмек көрсете аламыз?