9 минут ішінде 12 заң бұзушылық: қарсы бағытта келе жатқан «Лэнд Крузер» жүргізушісі жауапқа тартылды. Бұл туралы Алматы қаласының полиция департаменті басшысы Қанат Таймерденов мәлімдеді.

Абай мен Сейфуллин даңғылдарының қиылысында қарсы жолақта келе жатқан жол талғамайтын көлік жүргізушісін, іздестіру жөніндегі жергілікті полиция қызметінің қызметкерлері әкімшілік кодекстің бірнеше бабы бойынша жауапқа тартты.
«Е.азамат, ол 19 жаста. Оның 30 тамызда таңертең жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзғаны анықталды. Абай даңғылымен батыс бағытта келе жатып, Сейфуллин мен Мұқанов арасындағы аралықта, ол, екі рет қарсы жолаққа шығып кетті. Белгісіз қаламын деген үмітпен жас жігіт мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілерін көлік құралынан алып тастады. Біздің бөлімнің қызметкерлері қаладағы бейнебақылау жүйелерін қолданып, қаскүнемдікті анықтады. Е.азаматтың барлық бағыты ізделінді. 9 минут ішінде қозғалыс кезінде ол жол ережесін 12 рет бұзды », — деді, Алматы қалалық ПД жергілікті полиция қызметі Басқармасы бастығының орынбасары, полиция подполковнигі Ерік Насырбеков.
«Тойота Ленд Крузер» жүргізушісіне қатысты барлығы 12 әкімшілік хаттама жасалды. Осы бұзушылықтар үшін салынған айыппұл мөлшері 225 мың 018 теңгені құрайды. Шешім қабылдау үшін қарсы жатқан жолаққа шыққан өндірістік материалдары Алматы қаласындағы СМАС-қа жіберілді. Бұл құқық бұзушылық түрі көлік құралын басқару құқығынан айыруды қарастыратынын ескертеміз.

  • ҚР ӘҚбК-нің 590 бабы 2 бөлігіөнер — мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілері (белгісі) жоқ немесе оны пайдалануға тыйым салынғаннан кейін немесе белгіленген тәртіпте тіркелмеген көлік құралын басқару
  • ҚР ӘҚбК-нің 230 бабы 2 бөлігі — Қазақстан Республикасының міндетті сақтандыру туралы заңнамалық актісіне сәйкес міндетті сақтандыру шартын жасасуға міндетті тұлғаның міндетті сақтандыру шартын жасамауы
  • ҚР ӘҚбК-нің 593 бабы 2 бөлігі — қауіпсіздік белдіктерін пайдалану ережелерін сақтамау
  • ҚР ӘҚбК-нің 596 бабы 3 бөлігі — жол жүру ережелерінде тыйым салынған жағдайларда, оның ішінде бұрылумен немесе кері айналуға байланысты жағдайларда, қарсы қозғалысқа арналған жүріс бөлігінің шетіне шығу
  • ҚР ӘҚбК-нің 595 бабы 1 бөлігі (екі хаттама) — қозғалыс басталмас бұрын, жолды ауыстырғанда, бұрылыста, кері айналуда немесе тоқтағанда жол ережесінің дабыл беру талаптарын орындамау ҚР ӘҚбК-нің 599 бабы 1 бөлігі (екі хаттама) — бағдаршамның қызыл шамы немесе жол диспетчерінің тыйым салған ымымен жүру
  • ҚР ӘҚбК-нің 606 бабы 1 бөлігі (екі хаттама) — төтенше жағдайдың туындауына әкеп соқтырған, жол қозғалысы ережелерін пайдаланушының бұзуы, яғни жол қозғалысының басқа қатысушыларын жылдамдықты, қозғалыс бағытын күрт өзгертуге мәжбүрлеу
    ҚР ӘҚбК-нің 601 бабы 1 бөлігі — (екі хаттама) — жол белгілерінде белгіленген талаптарға сәйкес келмеу. Алматы қаласы

Loading

от admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
Астарлы ақиқат агенттігі whatsapp желісі
Сәлеметсіз бе?
Сізге қандай көмек көрсете аламыз?