5 қыркүйек — Қазақстан халқы тілдері күні мерекесімен баршаңызды құттықтаймын! Тіл тақырыбы айтыла-айтыла жауыр болды деген мүлдем дұрыс емес. Қанша айтылса да көптік етпейтін және қай кезде де құндылығын жоғалтпайтын, ол ана тілі екені ақиқат! Тіл деген — ұлт, ұлт деген -мемлекет! Тілің мықты болса, мемлекетің де мықты болады! Биыл Президент Қ.Тоқаев «Ана тілі» газетіне берген сұxбатында: — …Мемлекеттік тілге қатысты жұмыстарды ың-шыңсыз, айғайламай, қызбалыққа салынбай, бірақ табанды түрде жалғастыра беру қажет. Бұл орайда, Өзбекстанның тәжірибесін мысалға келтіруге болады, — депті. Бұған бәрекелді, тіл мәселесіне қатысты жанашырлықпен айтылған сөз дедік. Осы ретте, Президенттің айтқанын Үкімет пен облыс, қала әкімдері орындап жүр ме деген ой туады? Өкінішке қарай, кейбір министрлік пен агенттікте және облыс, қала әкімдіктерінде қабылданатын нормативтік құқықтық актілер алдымен орыс тілінде әзірленіп, одан кейін барып, мемлекеттік тілге аударылады. Ал заң жүзінде, алдымен мемлекеттік тілде дайындалып, одан кейін орыс тіліне аударылуы тиіс. Міне, осы аудармадан кейін бірқатар заңдардың қазақ тіліндегі кейбір баптары түсініксіз болып қалатыны кездеседі. Соған байланысты, «қазақ тілі түсініксіз тіл» деген қате ұғым пайда болады! Мемлекеттік тілге қатысты осы олқылықты түзету үшін, Парламент Үкіметке талапты күшейтсе екен. Мен бүгінгі жазбамда мемлекеттік тілге қатысты бір ғана мәселені айттым. Ал, Өзбекстанның тәжірибесіне тоқталсам, олардың өз тіліне байланысты жазылмаған заңы бар және оны бәрі бұлжытпай орындайды! Мысалы, халыққа қызмет көрсету жұмыстары түгелдей өзбек тілінде. Яғни, өзге ұлттарға өзбек тілін білу қажеттілігін іс жүзінде көрсетеді! Бар болғаны осы ғана! Жалпы, тіл дегеніміз, шын мәнінде тірі механизм, оған жағдай, күтім керек және алдағы уақытта, қазақ тіліне қатысты жұмыстарды табанды түрде жалғастыра беруіміз қажет! Қазақ тілінің тағдыры қазақтардың қолында! Қабыл Дүйсенби Шымкент қаласы

Loading

от admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
Астарлы ақиқат агенттігі whatsapp желісі
Сәлеметсіз бе?
Сізге қандай көмек көрсете аламыз?