Мемлекет басшысы Алматы облысының әкімі Амандық Баталовты қабылдады. Бұл туралы Ақорда баспасөз қызметі хабарлады.

Қасым-Жомарт Тоқаевқа өңірдің әлеуметтік-экономикалық жағдайы және Президенттің Қазақстан халқына Жолдауын жүзеге асыру барысы туралы баяндалды.

Мемлекет басшысы Жолдауда белгіленген әлеуметтік шараларды орындаудың және пандемия жағдайында шағын және орта бизнесті қолдаудың маңыздылығын атап өтті.

Президентке тұрғындарды, әсіресе әлеуметтік аз қамтылғандар санатындағы  азаматтарды «5-10-20» және «7-20-25» бағдарламалары аясында баспанамен қамту жөнінде ақпарат берілді.

Сонымен қатар ауыл шаруашылығы саласын дамыту  және инвестиция тарту мәселелері талқыланды. Облыс әкімі ішкі туризмді одан ары дамыту, пандемия жағдайында оқу үдерісін ұйымдастыру шаралары туралы айтты.

Кездесу соңында Мемлекет басшысы облыстың белгіленген әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштерін қамтамасыз етуді тапсырды.

Loading

от admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
Астарлы ақиқат агенттігі whatsapp желісі
Сәлеметсіз бе?
Сізге қандай көмек көрсете аламыз?