Түркістан облысының полицейлері төбелеске қатысқан әйелдерді әкімшілік жауапкершілікке тартты-деп хабарлады Түркістан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Түркістан облысының полицейлері әлеуметтік желіге мониторинг жүргізу кезінде бірнеше әйелдердің төбелесіп жатқаны жөнінде бейнежазбаны анықтады.
Осы жайт бойынша нақтырақ айтар болсақ; 29.08.2020 жылы сағат 15:43 шамасында Арыс АПБ-нің 102 пултіне жергілікті тұрғыннан үйінде айқай-шу болып жатқаны жөнінде арыз келіп түскен. Жәбірленуші әйелдің айтуынша, ажырасқан келіні туыстарымен келіп, ұрып-соғып, дене жарақатын салған. Содан аталмыш дауды бейнежазбаға түсіріп, мессенджер арқылы таратып, абыройларына нұқсан келтіргенін хабарлаған.
Аталған ақпарат бойынша полицейлер тез арада әрекет етіп, тексеру жүргізген. Нәтижесінде арызданушы мен қызы үйінің алдында тұрғанда ажырасқан келіні киімдерін алып кетуге келгені, соңында сөзге келіспей дау шығып, жаға ұстасып, бір-бірінің киімдерін жыртып, дене жарақаттарын салғандары анықталды.
Аталған жайтқа байланысты ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабы «Ұсақ бұзақылықпен» әкімшілік хаттама толтырылып, сараптама тағайындалған.

Loading

от admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
Астарлы ақиқат агенттігі whatsapp желісі
Сәлеметсіз бе?
Сізге қандай көмек көрсете аламыз?