Шымкент қаласы Полиция департаментінің қызметкерлерімен ағымдағы жылдың 7 қыркүйек пен 1 желтоқсан аралығында «Учаске» іс-шарасы өтуде. Шымкент қаласы Полиция департаментінің Баспасөз қызметі хабарлады.

Осы мерзімде учаскелік полиция инспекторлары қала аумағындағы 9760 пәтерлер мен тұрғын үйлерді аралап шықты. Жалға берілетін 725 пәтерлер тексеріліп, 156 пәтердің заңдылығын тексеру үшін Мемлекеттік кірістер басқармасына ұсыныстар жолданды. Қаңғыбастық пен қайыршылық жасап жүрген 21 адам ұсталып, қабылдап-тарату орнына орналастырылды. Түнгі мезгілде ата-анасының немесе заңды өкілінің қарауынсыз жүрген 63 жасөспірім анықталды. Ішкі істер органы есебінде тұрған тұлғалар мен қару иелері тексерілді.Іс-шара барысында 613 тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Оның ішінде белгіленбеген орында сауда жасағаны үшін -85, ұсақ бұзақылық жасағаны үшін – 56, қоғамдық орында мас халде жүргені үшін – 80, жеке басын куәландыратын құжатсыз және тіркеусіз тұрғаны үшін – 125, өзге де құқықбұзушылықтар -267. Аудандық Полиция басқармаларына барлығы- 213 тұлға жеткізілдіп, қол саусақ іздері алынды. Шымкент қаласы

Loading

от admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
Астарлы ақиқат агенттігі whatsapp желісі
Сәлеметсіз бе?
Сізге қандай көмек көрсете аламыз?