Бүгін көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, ғалым Мырзатай Жолдасбековпен кездестім. Тәуелсіздігіміз бен елордамыздың қалыптасу кезеңдеріне елеулі еңбегі сіңген Мырзатай ағамыз ұлтымыздың рухани кемелденуіне әлі де үлес қосып келеді.

Түркі халықтарының көне дәуірдегі бірнеше ғасырлық мәдени мұраларының бірі – Күлтегін ескерткішін терең тануға, көшірмесін елорда төріндегі Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық Университетiнде орнатылуына атсалысты. Осы оқиғаға 20 жылға жуық уақыт өтсе де Мырзатай ағамыз әлі де тынбай еңбектніп жүр. Бүгінгі келелі кездесуде де бірқатар идея, ұсынысымен бөлісті. Оның бірі – «Тәуелсіздік» стелласы болса, екіншісі – «Күлтегін» тарихи-мәдени ұлттық орталығын құру туралы ойы. Бұл құнды ұсыныстарды алдағы жұмыс жоспарларымызды саралап, ескереміз. Тарихымызды тереңдете түсетін Күлтегін заманынан сыр шертіп, ұлтымызға тән бірлік пен береке сол ықылым замандардан бастау алғанын тілге тиек етті.

Мырзатай Жолдасбекұлы мемлекеттік сыйлыққа қатысып жатқан «Ұлы дала әдебиеті» еңбегі мен ол кісі туралы замандас зиялы қауым өкілдерінің пікірлері жинақталған кітапты тарту етті. Нұр-Сұлтан қаласы әкімі Алтай Күлгінов

Loading

от admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
Астарлы ақиқат агенттігі whatsapp желісі
Сәлеметсіз бе?
Сізге қандай көмек көрсете аламыз?