Қазақстан Республикасының Президенті
Қасым-Жомарт Тоқаевқа
Соғыс ардагері,
«Қызыл Жұлдыз» орденінің кавалері,
бұрыңғы «Ел бірлігі» газетінің
бас редакторы,
бұрынғы шенеунік,
бүгінгі сотталған Мұхамбетжан Мұхтар Дауылқожаұлынан.
ИЧ 167/3.мекемесі. Шымкент қаласы

Ш А Ғ Ы М Х А Т

2020 жылдың 19 тамызында КТК телеарнасы, Қазақстан Республикасы Президентінің яғни Сіздің сөздеріңізді паш етті, онда шамамен Сіз былай дедіңіз:
-мемлекетке адал қызмет еткен тұлғаларды қудалауды тоқтату керек;
-тек сыбайласының көрсетуімен адамдарды коррупция бойынша соттауды тоқтату керек.
Осы сөздер маған тікелей қатысты. Мен әкім тапсырмасы мен облыстағы артта қалған, коррупция тұншықтарған кәсіпорынды басқаруға бардым. Бір жарым жылда кәсіп орынды реформалап, облыстағы алдынғы орындарға шығардым. Бірақ, бұл процесте кәсіпорынға кенедей сұғынып, оны өзінің сапасыз қылмыс жұмысы мен артқа тартып отырған талай «көкесі бар» фирмаларды қууыма тура келді. Кәсіпорынның үздік жұмысын көрген қала әкімі Ғабидолла Абдрахимов, «көкелер» тыныштық бермесе, қорғайтын шығар деп ойлайтын шығар деп ойладым. Олай болмай шықты.Бұл мемлекетке адал еңбегім туралы.
Ал енді мені сіз айтқандай, бір ғана адамның аудио, видео, подписьсіз жала, дәлелсіз сөздерін негіз қылып соттап, 8 ЖЫЛ берді. Ол адам- кәсіп орынның бас бухгалтері. Оны маған қарсы жалған айып тағып, жала жабуға мәжбүрлеген- бізде ол азаматтың телеарналарға берген сұхбаттары бар. Онда ол былай дейді:

  • Мені антикоррупциялық бюро мен прокуратура қатты қысуда. Мұхтар Мұхамбетжанға қарсы жала жаппасаң, онда өзіңді отырғызамыз. Бүкіл айыптаудың бәрі осындай өтірік, жала, жалған айыптан тұрады. Мен, танымал саяси қайраткермін. Жұртшылық мені «ұлт жанашыры», «патриот», «мемлекетшіл» деп бағалайтын. Сондықтан, мені соттау оңай болмасын білген пагонды қылмыскерлер, маған екінші өтірік статья тақты. Жыныстық зорлау!
    Осындай мемлекетке, адами қасиетке, тұлғаға қарсы жексұрын қылмысқа барған қорқаулар мұны тек қана менің сотыма журналистерді кіргізбей, жабық режимде өткізу үшін барды. Кейін, ешқандай қисыны жоқ статьядан мені ақтауға мәжбүр болды.
    Президент Мырза!
    Міне, бір жарым жыл бойы ешқандай жазықсыз түрмеде отырмын. Алды он жас, арты төрт жастағы балам тірі жетім болып қалды. Қызметке адал, Отаныма Патриот болып, мемлекет мүддесі үшін коррупционерлерге бас имей, табандылық таныттым, өз пікірімді ашық айттым, саяси позицияларымды жасырмадым- сол үшін сотталдым, яғни саяси тұтқынмын. Мен сияқты қираған мемлекеттік кәсіпорндарды аяққа тұрғызғандарды мафия жабылып, түрмеге тықса, мемлекет қорған бола алмаса- ондай мемлекет ұзақ өмір сүре алмайды. Сізге бұған дейін шағым жаздым- жауап болмады. Істің мән-жайын сол жауапсыз қалған №3032-24-12-8-2016 (3 суәір 2020жыл.) нөмірлі хаттан білуге болады Егер сіз креслоның құлы емес, елдің ұлымын десеңіз әрбәр Қазақстан азаматы үшін, мемлекет тағдыры, мемлекет болашағы үшін жауаптымын десеңіз, онда «коррупция мен күресті» жамылғы етіп мемлекетшіл азаматтарға қарсы ұйымдастырылып отырған антикоррупциялық бюроның бүгінгі қанды террорын тоқтатыңыз! Тұлғаны концлагерге тоғыту үшін біз жыртқыш диктатор деп жүрген Сталиннің кезінде үш адамның қолы, күәлігі қажет болса, бүгінгі қазақстандық НКВД- антикоррупциялық бюро бір-ақ адамның жалған сөзі мен азаматтарды түрмеге тоғытуда- мұның арты жақсылыққа алып бармайды. Террорды үзілді-кесілді тоқтатып, жалған айып, жала мен түрмеде азап шеккен мен сияқты мемлекетшіл- шенеуніктерді, саяси тұтқын болған қоғам қайраткерлерін азат етіңіз. Мұндай жантүршігерлік адами қалыпқа қарсы қылмыстардың бұдан былай, қайталанбауы үшін заңдық тосқауыл қойдырыңыз. Өзіңіз бастаған Әділет орнату ісінде шаршамаңыз, бұл жағдайды Ел Сізді қолдайды.
    Мұхтар Мұхамбетжан
    Анықтама үшін байланыс: 8775 705 39 17; 8775 137 79 99 Мұхтар Мұхамбетжанның фейсбук парақшасынан

Loading

от admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
Астарлы ақиқат агенттігі whatsapp желісі
Сәлеметсіз бе?
Сізге қандай көмек көрсете аламыз?