ҚР Президенті Қасым -Жомарт Кемелұлы!
Сіз халыққа жолдау жасаған кезіңізде, елімізде таралып жатқан індет, пандемия кезінде, экономикалық дағдарысты алдын алу мақсаты мен, барлық ел басқарып отырған басшыларды, қаржатты онды-сонды шашпай үнемдеуге шақырдыңыз.
Алайда, Бүкіл мемлекетке үлгі болатын елорда әкімі Алтай Күлгінов сіздің тапсырмаңызды орындағысы келмей, Нұр-Сұлтан қаласында театр жоқ сияқты, пандемия кезінде адамдарға дәрі-дәрмек, емес, театр керек-деп шешкен көрінеді. Үй ішінен үй ашаберудің қажеті қанша Қасым-Жомарт Тоқаев?

Жаңадан ашылатын жастар мен жасөспірімдер театры не үшін қажет айтыңыздаршы?
Кәзірдің өзінде Нұ-Сұлтан қаласында 9 театр бар. Әкімдікке қарасты, Қаунышбаев атындағы қазақ театры, оқушыларға арналған қуыршақ театры және халықаралық конкурстардың лауреаты, керемет талантты жастар жұмыс жасайтын жастар театры бар.
Асхат Маемиров, Қазақ әуендері, Қазақ концерт, М. Әуезов атындағы театр және Т. Жүргенов атындағы Қазақ өнер академиясын басқара алмай абыройсыз кетіп, сонымен қатар Елордаға Қалибек Қуанышбаев атындағы қазақ драма театрында соңғы 6 айда басқара алмай, ұжымның арасында ауыз біршілікті бұзып, актерлардың қарғысына қалмаған ба еді?
Әр мекеменің басын шалып жүрген 9 айдан артық істемеген Асхат Маемировтың көзделгені не?
Мәдениет басқармасына қарасты мекемелердің өнерпаздарын қысқарту басталған кезде, жаңадан жастар театрын ашып не керегі бар?
Алайда Асхат Мамиров Күлгіновпен ауыз жаласып, туыстығын дәл осылай пайдаланады ма?
Президент мырза! Елордаға жаңа театр керек емес, қазіргі уақытта пандамияның алдын алып, ИВЛ апараттарын алып, аяқ асты індет өршитін болса, науқастарды жатқызатын ғимараттар мен төсектер, дәрі-дәрмектер керек!
Сардар Әбдіжақия

Loading

от admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
Астарлы ақиқат агенттігі whatsapp желісі
Сәлеметсіз бе?
Сізге қандай көмек көрсете аламыз?