Қасым-Жомарт Тоқаев Алматыға жасаған жұмыс сапары барысында Республика алаңындағы қайта жөндеуден өткен «Алмалы» демалыс аумағын аралап көрді. Жаңартылған аумақ бірнеше бөлікке, атап айтқанда, балаларға және мәдени ойын-сауыққа арналған аймақтарға бөлінген. Бұл туралы Ақорда баспасөз қызметі жариялады.

Алаңға қазақ суретшілері салған мүсіндер қойылып, ауқымды көгалдандыру жұмысы жүргізілген. Ағаштар, бұталар мен гүлдер отырғызылған. Қаланың тарихы мен мәдениетін ескере отырып, қонақтар мен қала тұрғындары үшін демалатын орындар ұйымдастырылған, сондай-ақ, әртүрлі мәдени-ағарту шараларын өткізу қарастырылады.

Жер астындағы «Алмалы» сауда және ойын-сауық орталығын қайта жөндеу жұмыстары 2021 жылы аяқталады деп жоспарлануда.

Loading

от admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
Астарлы ақиқат агенттігі whatsapp желісі
Сәлеметсіз бе?
Сізге қандай көмек көрсете аламыз?