Алматы облысы Қарасай ауданындағы Шамалған стансасында Жібек жолы ауылына өтетін темір жол өткелінде республикалық маңыздағы «Алматы – Нұр-Сұлтан» және облыстық маңыздағы «Алматы 1 – Шамалған — Ұзынағаш» автокөлік жолдарының қиылысында жаяу жүргіншілерге арналған жер үсті көпірі пайдалануға берілді. Бұл туралы Алматы облысы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Шамалған стансасындағы айналма автокөлік жолы мен жаяу жүргіншілерге арналған аталған көпір өткелінің құрылысына жергілікті бюджеттен 364,5 млн. теңге бөлінген.

Мұнан соң қонақтар мен жергілікті тұрғындар жер үсті жолының баспалдақтарына шығып, лифтісін пайдаланып, көпір үстімен жүріп өтіп, оның сапасына көз жеткізді.

Атап өтсек, жүргіншілер көпірінің баспалдақтарын қосқандағы жалпы ұзындығы 61,56 метр, биіктігі – 9,8 метр. Екі лифтісі бар, бұл жүргіншілер көпірінің қолайлылығын арттыра түседі.

Жалпы өткен жылдың өзінде облыста 364,7 км жол мен 8 көпірге жөндеу жасалған. Биылғы жылы тағы 506,6 км жол мен 12 көпір жөнделеді. Алматы облысы

Loading

от admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
Астарлы ақиқат агенттігі whatsapp желісі
Сәлеметсіз бе?
Сізге қандай көмек көрсете аламыз?