Нұр-Сұлтан қаласы мен Жамбыл облысының тұрғындары 700 келі есірткімен ұсталғаны туралы Түркістан облысының полиция департаменті басшысы, генерал-майор Қайрат Дәлбеков мәлімдеді.

«Қарасора-2020» жедел-іздестіру іс-шаралары аясында біздің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Созақ АПБ полицейлерімен және жергілікті қорықшылармен бірге есірткінің ірі партиясын тасымалдаған «Тойота Ланд Крузер» автокөлігін ұстады.
Жедел уәкілдер көлікті тінту кезінде ішінен 37 полиэтилен қапшығы мен өсімдік тектес есірткі заттары бар бірнеше ыдыстарды тапты. Сараптама қорытындысы бұл заттар 650 келіден асатын «кептірілген марихуана» және 48 келіге жуық гашиш болып шықты.
Жайтқа байланысты Нұр-сұлтан қаласы және Жамбыл облысының бұрын сотты болған екі тұрғыны. Күдіктілер есірткісі бар қапшықтар мен ыдыстарды алдын ала дайындап, Жамбыл облысынан жолға шыққан. Жолшыбай Созақ ауданы арқылы айналма жолдармен Қостанай облысына қарай кетпекші болған. Осылайша Бетпақдала аумағында көлік жүрмейтін жолдармен жасырынып кетіп бара жатқан күдіктілердің көлігін қорықшы байқап қалып, полицияға хабарлаған. Ұсталғандар Созақ АПБ-не жеткізілді. Іс СДТБТ-ға ҚР ҚК-нің 297-бабы 3-бөлігі «Есірткі құралдарын, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, сатып алу, сақтау, тасымалдау, жөнелту немесе өткізу» бойынша тіркеліп, тергеу жүргізілуде. Күдіктілер қамауда. Аталған жайтқа байланысты менің орынбасарым, полиция полковнигі Асылжан Қалдарбеков брифинг өткізіп, мәлімдеме жасады.
Есірткі қоғам дерті болғандықтан өздеріңізді одан аулақ ұстауды ескерткім келеді. Есірткіні еріккеннің ермегі дер едім. Сондықтан әрдайым салауатты өмір салтын ұстанып, спортпен айналысайық.
Түркістан облысы

Loading

от admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
Астарлы ақиқат агенттігі whatsapp желісі
Сәлеметсіз бе?
Сізге қандай көмек көрсете аламыз?