Балалар үйінде ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жетім балалардың жеке тұлға ретінде қалыптасуының өзіндік ерекшелігі бар. Сол сияқты олардың кәмелет жасқа толып, үлкен өмірге қалыптасуы мен мамандық таңдауы да өте маңызды қадам.

Расында, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың қанаты қатайғанша тәрбиелеп, олардың мамандық таңдауына қолдау білдіріп, демеп отыру қажет. Өйткені, олардың мамандықты адаспай таңдауы – өмірде өз орындарын табуға мүмкіндік береді.
Мәселен, Арыс қаласында орналасқан Төлеген Тәжібаев атындағы балалар үйінің тәрбиеленушілерінің полиция қызметіне деген қызығушылықтары ерекше. Солардың арасында, «полицей боламын» деген армандарын ұштап, қиялдарына қанат бітірген Михаил Крокус пен Қуаныш Жұмашевтар да бар. Олардың айтуынша, бұл мамандықты таңдауларына Арыс 1 станциясында қызмет ететін көлік полицейлері себепкер болған.
Қазір Михаил Ішкі істер министрлігінің Алматы академиясының 4 курсында оқиды.
«Мен Арыс қаласындағы балалар үйінде қазақ балаларымен тай құлындай тебісіп, бірге өстім, ер жеттім. Есімім Михаил болса да, мені бәрі Мәди дейді. Арамызда полицей болуды армандаған достарым жетерлік. Шындығын айтсам, ең алғаш қызығушылығымыз – балалар үйіне келген полицейлерді көруден басталған. Міне, содан бері форма кисем, нағыз ер азаматқа тән мамандықты игерсем деген ой мені үнемі алға жетеледі», – дейді Михаил. Оның айтуынша, сыр мен сымбаты жарасқан формадағы азаматтардың иықтағы шендері, олардың ерекше бас киімдері оған ерекше әсер еткен. Тіпті, батылдық пен ептілікті бойына жинаған нағыз тұлға — осы полицейлер деп бағалаған. «Мен мамандық таңдауда қателескен жоқпын», — дейді ол нық сеніммен.
Қазақ тілінде еркін сөйлейтін Крокус академияда шыңдалып келеді. Оң мен солын жіті таныған жігіттің айтқанына зор сенім білдіреміз. Көзінен ұшқын атқан жігерлі жастың арманы асқақ, мақсаты биік. Әсте, солай болғай.
Арыс станциясындағы полицейлер адамдар көп шоғырланатын орындарда қызмет етеді. Бұл үлкен жауапкершілік. Ол үшін қоғамдық тәртіп пен азаматтардың қауіпсіздігін қорғау басты борыш. «Алдағы уақытта мен де осындай жауапкершілікпен көлік полициясында зор мақтанышпен қызмет ететін боламын», — дейді курсант.

Loading

от admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
Астарлы ақиқат агенттігі whatsapp желісі
Сәлеметсіз бе?
Сізге қандай көмек көрсете аламыз?