«Миллионға алдау»: Алматыда азаматтарды ірі көлемдегі соммаға алдап соққан адам ұсталды. Бұл туралы Алматы қаласы полиция департаменті басшысы Канат Таймердинов мәлімдеді.

24 жастағы ер адам кепілге қойылған жылжымалы және жылжымайтын мүлікке арналған банк саудасына қатысуды сылтауратып, туыстары мен достарынан ірі көлемде ақша алып, алдап кеткен.
«Күдікті И.есімді азаматтың өзінің банктермен байланысы болмаған, бірақ кепілдікке қойылған мүлік аукционының жүйесін білген. Ол өзінің құрбандарын үйді немесе көлікті тиімді түрде нарықтық бағадан едәуір төмен бағамен сатып алуға болатындығына сендірді. Әрине, бұл үшін қаражат қажет болды. Кейбір әлеуетті клиенттер бірден бірнеше мүлік нысандарын алуға үмітті. Мысалы, жәбірленушілердің бірі оған 182 миллион теңгесін берсе, екінші адам 386 мың АҚШ долларын оның қолына сеніп тапсырған», — деді, Алматы қалалық ПД Криминалдық полиция Басқармасының бастығы, полиция полковнигі Еркін Іңкәров.
Бүгінгі күні келтірілген материалдық шығын көлемі шамамен 1 миллион долларды құрайды.
«Әрине, ол ешқандай міндеттемені орындауды көздеген жоқ. Ол ақшаны оңай жұмсады: өзіне 2 пәтер, жаңа көлік сатып алып, шетелге шығып үлгерген, жалпы алғанда, ол, өз жағдайын жасап алды. Бірақ ұзақ емес. Қазіргі уақытта күдікті ұсталып, Алматы қаласы ПД уақытша ұстау изоляторына қамалды. Ол ҚР ҚК-нің 190 бабы 4 бөлігі — ірі көлемдегі алаяқтық бойынша күдікті. Осы адамның қылмыстық іс-әрекеттерінен зардап шеккен азаматтар, бізге мына телефондар арқылы хабарласуыңызды сұраймыз: 8-701-666-69-54, 8-707-834-83-33 немесе 102 », — деді полковник Іңкәров. Алматы қаласы

Loading

от admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
Астарлы ақиқат агенттігі whatsapp желісі
Сәлеметсіз бе?
Сізге қандай көмек көрсете аламыз?