Алматы облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет ауыр сыбайлас жемқорлық қылмыс жасау күдігі бойынша Алматы облысы Ішкі мемлекеттік аудит департаменті басшысының орынбасары мен бас маманына қатысты сотқа дейінгі тергеуді бастады. Бұл туралы ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі мәлімдеді. Олар Алматы облысының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің өндірісіндегі қылмыстық іс бойынша тапсырма негізінде «Жамбыл ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі» ММ басшысынан тексерілетін «Жамбыл ауданының Самсы ауылының сумен жабдықтау жүйесін қайта жөндеу және салу» нысаны бойынша аудиторлық тексерудің оң нәтижелері үшін 1 млн.теңге сомасында пара алуда күдікке ілінді. Тергеу жалғасуда.

Loading

от admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
Астарлы ақиқат агенттігі whatsapp желісі
Сәлеметсіз бе?
Сізге қандай көмек көрсете аламыз?