Түркістан қаласының полицейлері алаяқтық қылмысын ашты- деп Түркістан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Түркістан ҚПБ-не Жетісай ауданының тұрғыны арызданған. Онда жәбірленуші көлік сатамын деп алаяқтың құрбаны болғанын жеткізген. Полицейлердің анықтауынша екі азамат өзара келісіп, көліктерін ауыстырмақ болған. Жәбірленушінің «Даф» маркалы жүк көлігіне күдікті өзінің автокөлігін айырбастап, үстіне ақша қосып беретінін айтқан. Алайда түркістандық тұрғын келісімді бұзып, үстеме ақысын бермей алдап кеткен.Аталаған жайт ҚР ҚК-нің 190-бабы «Алаяқтық» бойында СДТБТ-ға тіркелді.

 Осы оқиғаға байланысты полиция қызметкерлерінен жедел тергеу тобы құрылып, істің  ақ қарасын ажыратуға кірісті. Нәтижесінде осы жайтқа қатысты күдікті ретінде жергілікті тұрғын ұсталды.  Қазіргі таңда поицейлер оқиғаның толық мән-жайын анықтауда. Сотқа дейінге тергеу амалдары жүргізілуде. Бас шарасы келу туралы міндеттеме.

Өз кезегінде, Түркістан облысының полицейлері азаматтарға қырағы болудың және күмәнді ұсыныс айтатын бейтаныс адамдарға сенбеудің қажеттілігі туралы ескертеді. Егер алаяқтықтың құрбаны немесе куәгері болсаңыз, тез арада 102 телефоны бойынша полицияға хабарласыңыз.

Түркістан облысы

Loading

от admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
Астарлы ақиқат агенттігі whatsapp желісі
Сәлеметсіз бе?
Сізге қандай көмек көрсете аламыз?