Жамбыл облысы Төтенше жағдайлар департаментінде ҚР ІІМ ТЖК Көкшетау техникалық институтына үміткерлерді қабылдау бойынша кәсіби бағдарлау жұмыстары жүргізілуде.

«ҚР ІІМ ТЖК КТИ-да 2019-2020 оқу жылына арналған кәсіптік бағдар беру жұмысының жоспарын» орындау мақсатында ағымдағы жылдың 20 ақпанында Жамбыл облысы ТЖД-да КТИ-ға үміткерлердің сапалы және уақытылы медициналық тексеруден өтуін қамтамасыз ету мақсатында «Дөңгелек үстел» өткізілді.

Іс-шараға ата-аналармен 36 үміткер, сондай-ақ Жамбыл облысы ДП округтік әскери-дәрігерлік комиссиясының төрағасы Д. Әбішев қатысты.

Жамбыл облысы ТЖД кадр жұмысы бөлімінің бастығы Тұрабекова оқуға түсу кезінде үміткерлерге қойылатын негізгі талаптар туралы мәлімет беріп, институтқа түсу және оқу шарттары түсіндірілді.

Жамбыл облысы ДП округтік әскери-дәрігерлік комиссиясының төрағасы Д. Әбішев КТИ түсу үшін үміткерлерге медициналық комиссиядан өтудің негізгі талаптарын ашты. Аймақтық әскери-дәрігерлік комиссияның регламенттеуші бұйрықтарына сәйкес кандидаттардың денсаулық жағдайының шекті жол берілетін нормалары туралы қатысушылардың назарына жеткізді.

«Дөңгелек үстел» қорытындысында оқуға үміткерлер мен олардың ата-аналары бар мәселелерді талқылауға белсенді қатысып, оған толық жауаптар алды.

Жамбыл облысы ТЖД

Кадр жұмысы бөлімінің

бас маманы

азаматтық қорғау капитаны Е. Шонғараев

Loading

от admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
Астарлы ақиқат агенттігі whatsapp желісі
Сәлеметсіз бе?
Сізге қандай көмек көрсете аламыз?