отadmin

Окт 19, 2020

Бүгін ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында «А» корпусының мемлекеттік қызметшілеріне арналған қайта даярлау курстарының ашылуында, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Анар Жаилғанова сөз сөйледі. Бұл арнайы курс ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың қоғам қажеттіліктеріне бағытталған заманауи мемлекеттік аппараттың талаптарына жауап беретін басшыларды даярлау туралы тапсырмасын іске асыру мақсатында өткізіледі.Курсты Мемлекеттік басқару Академиясы мен Назарбаев Университеті ұйымдастырып отыр.«А» корпусы-бұл саяси басшылық пен орындаушылық буын арасындағы өзара байланысты қамтамасыз етуге арналған кәсіби басқарушылық буын.Бағдарламаға қатысушылар-мемлекеттік басқару, кадр саясаты, шешім қабылдау жүйесі тәсілдерін және басқа да бірқатар басым мәселелерді өзгерту бойынша алдына маңызды міндеттер қойылған тәжірибелі, қалыптасқан ірі құрылымдардың басшылары.Еліміздің Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаев атап айтқандай, «саяси көшбасшылар саясатты қалыптастырады, кәсіби мемлекеттік қызметкерлер оның орындалуын қамтамасыз етеді».Стратегиялық көшбасшылық, өзгерістерді басқару және тиімді коммуникациялар сияқты құзыреттер Президент Қ.К. Тоқаевтың ағымдағы жылғы 1 қыркүйектегі жолдауында қойылған міндеттерді жедел және сапалы шешу қажеттілігі — экономикалық өсу қарқынын қалпына келтіру, халықтың өмір сүру сапасын жақсарту қажеттілігі және мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін түбегейлі арттыру жағдайында өте өзекті.Мемлекеттік басқару мен қоғамдық дамудағы жүйелі өзгерістердің қазіргі заманғы трендтері мен жоғары қарқыны елдің стратегиялық міндеттерін тиімді шешу үшін инновациялық және инклюзивті ойлау қабілеті бар басшылардың жаңа буынын қалыптастыруды талап етеді.

Loading

от admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
Астарлы ақиқат агенттігі whatsapp желісі
Сәлеметсіз бе?
Сізге қандай көмек көрсете аламыз?