Шымкент қаласы Полиция департаментінің қызметкерлері WhatsApp мессенджері мен әлеуметтік желілерде тарағап жатқан «бетперде таратқан еріктілер пәтерлерге ұрлыққа түсуде» ақпаратты тексеріп жатыр. Бұл туралы Шымкент қаласы Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Өз кезегінде Шымкент қаласы Полиция департаменті бастығының орынбасары Серік Ергешов осыған ұқсас жағдай қала аумағында орын алмағаны туралы ресми түрде хабарлады. Сондай-ақ, қазіргі таңда учаскелік полиция инспекторлары жүргізіп жатқан профилактикалық шараларының нәтижесінде қылмыс жасау көрсеткіші 64 пайызыға азайып, қылмыстың ашылуы – 6,1 пайызды көрсетіп отыр. Жалпы пәтер ұрлығы өткен жылмен салыстырғанда төмендеп отырғанын атап кетті.Жалған ақпарат таратқандар ҚР Қылмыстық кодексінің 274-бабы бойынша қылмыстық жауапкершілікке тартылатынын ескертеміз. Шымкент қаласы

Loading

от admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
Астарлы ақиқат агенттігі whatsapp желісі
Сәлеметсіз бе?
Сізге қандай көмек көрсете аламыз?