Сарысу аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері 17 қыркүйек күні түнгі уақытта Жаңатас қаласындағы жанармай құю бекетінің маңында авариялық жағдай туғызатын дрифт жасаған «BMW-530” маркалы автокөлігінің жүргізушісін ұстады. Бұл туралы Жамбыл облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

28 жастағы Алматы облысының тұрғынына қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 606, 590, 620 және 630-баптары бойынша төрт xаттама толтырылды.

— Кейбір жастарымыз қызық көріп, көпшіліктің назарын өзіне аудару үшін түрлі заңсыздықтарға барып жатады. Алайда, оның соңы үлкен келеңсіздіктерге, тіпті қайғылы оқиғаларға әкеп соғатынын ескермейді.

Қаламызға қонаққа келген «BMW” автокөлігінің жүргізушісі тура жанармай құю бекетінің жанында дрифт жасап, өте қауіпті әрі өрескел бұзушылыққа барған. Ол — көліктің қызып кетуінен тұтануы немесе рөлге ие бола алмай жанармай бекетіне соқтығысу қаупі туралы мүлде ойламаған. Полицейлер түнгі патрульдеу барысында кес-кестеп шеңбер жасап жол жабындыларын зақымдап жатқан дрифтті дер кезінде байқап, тиісті шара қабылдады. Түсіндіру жұмыстарынан соң ол өз қателігін түсініп, қайталамауға уәде берді — дейді Сарысу аудандық полиция бөлімінің бастығы Асxат Алметов. Жамбыл облысы

Loading

от admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
Астарлы ақиқат агенттігі whatsapp желісі
Сәлеметсіз бе?
Сізге қандай көмек көрсете аламыз?