Қырымбек Көшербаев әл-Фараби атындағы мемлекеттік сыйлықты беру жөніндегі комиссияның қорытынды отырысын өткізді. Бұл туралы Ақорда баспасөз қызметі жариялады.

2020 жылғы 20 қазанда Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Қ.Көшербаевтың төрағалығымен Қазақстан Республикасының әл-Фараби атындағы ғылым мен техника саласындағы мемлекеттік сыйлығын беру жөніндегі комиссияның қорытынды отырысы өтті.

Әл-Фараби атындағы мемлекеттік сыйлық ғылым мен техника қайраткерлерінің қоғам мен мемлекет алдындағы еңбегін жоғары тану болып табылады.

Биыл мемлекеттік сыйлықты алу үшін барлығы 6 жұмыс түскен. Алдын ала іріктеуден кейін екінші кезеңге 3 жұмыс өтті.

Отырыс қорытындысы бойынша Комиссия әл-Фараби атындағы мемлекеттік сыйлықты беру үшін жұмыс тізімін бекітті.

Келесі кезеңде 2020 жылғы Қазақстан Республикасының  әл-Фараби атындағы ғылым мен техника саласындағы мемлекеттік сыйлығын беру туралы Қазақстан Республикасы Президенті Жарлығының жобасы әзірленетін болады.

Loading

от admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
Астарлы ақиқат агенттігі whatsapp желісі
Сәлеметсіз бе?
Сізге қандай көмек көрсете аламыз?