Алматыда ұрланған мемлекеттік нөмірлер үшін төлем талап еткен ұры ұсталды-деп хабарлады Алматы қаласының полиция департаменті. Алматыда біраз уақыт автокөліктерден мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілерін (МТНБ) ұрлап, қылмыс орнында төлем талап еткен жазбалар қалдырған ұры қолға түсті. «Белгісіз адам көліктерден МТНБ алып тастап, мемлекеттік нөмірлік белгілердің төлемі туралы мәтіні бар жазба қалдырды. Ол қылмысты Алмалы, Бостандық және Медеу аудандарының аумағында жасаған. Біздің полиция басқармасына 4 адам жүгінді. Дереу криминалдық полиция қызметкерлері қаскүнемді іздей бастады. Жақында, жедел-іздестіру іс-шараларының барысында осы қылмыстарға қатысы бар ер адам, 1992 жылы туған Л.есімді азамат ұсталды. Қазіргі уақытта күдіктіге қатысты ҚР ҚК-нің 188 бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Автокөліктерден ұрлықтарды, оның ішінде мемлекеттік нөмірлерді ұрлауды анықтау полиция басшылығының үнемі бақылауында », — деді, Алмалы аудандық полиция Басқармасының бастығы, полиция полковнигі Есен Ысқақов. Алматы қаласы

Loading

от admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
Астарлы ақиқат агенттігі whatsapp желісі
Сәлеметсіз бе?
Сізге қандай көмек көрсете аламыз?