Адамды өлтіріп, мәйітін қоқыста өртеп жіберген. Бұл туралылы Шымкент қаласының Полиция департаменті мәлімдеді.

18 қазан 2020 жылы шамамен сағат 11.00-де Шымкент ҚПД Абай АПБ-ның кезекші бөлімінің «102» сымтетігі арқылы Түркістан көшесінің бойында «Дэу Нексия» маркалы, ақ түсті, мемлекеттік белгісі жоқ автокөлігі иесіз тұрғандығы жөнінде хабарлама түскен.
Жедел тергеу тобы оқиға орнын тексеру барысында автокөліктің ішінен 2 дана ойыншық тапанша, 1 метр темір арматура, 2 дана автокөліктің мемлекеттік белгісі және 1 дана тізесі тұсында қызыл түсті қан дақтары бар көк түсті ер адамның джинсы шалбары анықталған.
Сол күні аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 200-бабының 1-бөлігімен және 99-бабы 2-бөлігінің 7-тармағымен сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталған.
Жедел іс шараларын жүргізу барысында аталған көлікке жолаушы болып отырған екі ер азамат, көлік иесіне пышақ жарақатын салып, Ақ тас елді мекенінде орналасқан «Қоқыс» тастайтын жерге (свалка) апарып, қылмыстық әрекетінің ізін жасыру мақсатында сол жерде мәйітті өртеп жібергені анықталды. Күдіктілер анықталып ұсталды, олар 1994 және 1998 жылы туылған Түркістан облысының тұрғындары.​
Шымкент қаласы сурет шартты

Loading

от admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
Астарлы ақиқат агенттігі whatsapp желісі
Сәлеметсіз бе?
Сізге қандай көмек көрсете аламыз?