Қазіргі уақытта Белоруссия мен Қырғызстан мемлекеттерінде үкіметке қарсы орын алып отырған оқиғалардың бірден-бір проблемасы — әділ сайлаудың өтпегендігі. Яғни, электоральды кезеңде қайта сайлауға түскен президенттер мен олардың партиялары аса шамада көп дауыс жинауы, онымен қоса жақтастарының сайлау учаскелердегі заңсыз әрекеттер фактілерінің орын алуы, халықтың ашуын туғызбай кетпеді. Міне, біздің мемлекетте де 2020 жылдың 10 қаңтары күні белгіленген Парламенттік сайлауға әр партия өз кандидаттарын барынша дайындап жатыр. Еске сала кетейік, бұл сайлауға бастапқы «Nur-Otan» праймериз кезеңі онлайн форматта өткен болатын. Әлеуметтік желіде: «Мені күштеп партияларға кіргізіп жатыр, сіз осы кандидатқа онлайн дауыс бердіңіз» деген комментариялар көбейіп кеткені баршамызға мәлім.Жоғарыда айтылып өткен мемлекеттердің жаппай митингіге немесе протесттік акцияларға шыққан халықтың бар айқайы — сайлау заңсыз өтті. Оларды қолдаймын деп айта алмаймын, өйткені ол жерде кінәсіз адамдардың қайтыс болуы, біраз адамдардың жарақат алуы т.б., мәселені одан ары ұшықтыра түскені баршамызға белгілі. Сонда да, сол мемлекеттердегі алып отырған оқиғалардың куәгері болған халықтың, шындықты үкіметке басып айта алмауына ешкім тосқауыл қоя алмайды. Осыларды ескере келе, мен де еліміздің алдағы белгіленген Парламенттік сайлауының әділ өтуіне бақылаушы ретінде қатыссам, сіздерді де сол бақылаушылар қатарында көрсем деген ниетім бар…!!!

МОО Даму

Loading

от admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
Астарлы ақиқат агенттігі whatsapp желісі
Сәлеметсіз бе?
Сізге қандай көмек көрсете аламыз?