Бүгін облысымыздың денсаулық сақтау саласының материалдық-техникалық базасы тағы екі жылжымалы медициналық кешенмен толықты. Бұл туралы Маңғыстау облысы әкімі Серікбай Трұмов жариялады.

Соңғы үлгідегі медициналық құрал-жабдықтармен жабдықталған автокөліктерді Түпқараған мен Қарақия аудандық ауруханаларына тапсырдық. Ақ халаттыларымыз облыс орталығынан шалғай орналасқан халыққа сапалы медициналық қызмет көрсететіп, дәрігерлік көмектің қолжетімділігін қамтамасыз етуге үлкен септігін тигізеді деген сенімдемін.


Тағы бір қуанышты жаңалығымыз — өңірдегі қоғамдық көлік мәселесін шешу мақсатында 18 дана жаңа заманауи автобус алынды. Бұл мәселе тұрғындар тарапынан да жиі көтеріліп жүрген білемін. Жылдың басында халықпен кездесуімде биыл Ақтау қаласының автобус паркін жаңартамыз деп уәде берген болатынмын. Сондықтан арнайы қаражат қарастырып, экологиялық таза, Еуро-5 стандарттарына сәйкес келетін автобустарды алдық. Су жаңа қоғамдық көліктер қалаішілік бағытта тасымал қызметін көрсетіп, Ақтау қаласының орталық бағыты бойынша жүреді. Автопаркімізді жаңарту жұмыстары алдағы уақытта да жалғасын табады. Маңғыстау облысы

Loading

от admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
Астарлы ақиқат агенттігі whatsapp желісі
Сәлеметсіз бе?
Сізге қандай көмек көрсете аламыз?