Түркістан облысында полицейлер жанар- жағар май құятын орыннан әмиянды ұрлап кеткен ұрыны ұстады. Бұл туралы Түркістан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады. Сарыағаш АПБ кезекші бөліміне жергілікті тұрғын жол бойындағы жанар-жағар май құю орынның бірінде белгісіз тұлғалар оның әмиянын ұрлап, оны кассада қалдырғаны туралы арызданған. Аталған жатты полиция қызметкерлері ҚР ҚК-нің 188-бабы «Ұрлық»бойынша СДТБТ-ға тіркеген. Қылмысты ашу мақсатында жедел тергеу тобының қызметкерлері қылмыс орнына шығып, күдікті адамдарды іздеуге кірісті. Нәтижесінде, ЖҚС камераларының бірінде полиция қызметкерлері кезекте тұрған күдікті ер адамды байқады, ол ешкімге байқатпай әмиянды жымқырған және оқиға орнынан ізін суытқан. Жедел-іздестіру шаралары барысында Сарыағаш АПБ қызметкерлері Жамбыл облысының тұрғынын ұстады. Ұсталған адамнан заттай дәлел ретінде алынған әмиянды тәртіп сақшылары заңды иесіне қайтарды. Қазіргі уақытта аталған жайт бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Күдікті қолхатта. Полиция жас жігіттің басқа да осындай қылмыстарға қатысы барын анықтауда. Өз кезегінде Түркістан облысының полицейлері азаматтарға дүкендерге, жанар-жағар май станцияларына және басқа да қоғамдық орындарға барған кезде абай болуды ескертеді. Құнды заттарды қараусыз қалдырмаңыз, әмияндар мен ақшаны киімнің ішкі қалталарында немесе жабық сөмкелерде сақтаған дұрыс. Егер сіз біреудің мүлкін ұрлаудың құрбаны немесе куәгері болсаңыз, дереу полицияға 102 нөміріне хабарласыңыз. Түркістан облысы

Loading

от admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
Астарлы ақиқат агенттігі whatsapp желісі
Сәлеметсіз бе?
Сізге қандай көмек көрсете аламыз?