Алматы полициясы Департаменті криминалдық полиция Басқармасының қызметкерлері жедел-алдын алу іс-шаралар және азаматтардың жаппай болатын жерлеріне бақылау жүргізу барысында қонақтарды қабылдаған түнгі стриптиз клубты анықтады. Бұл туралы Алматы қаласының полиция департаменті баспасөз қызметі мәлімдеді.
«Полицияның баруы Алмалы ауданындағы Наурызбай батыр көшесіндегі үйлердің бірінің жертөлесінде орналасқан стриптиз клубта болды. Тәртіп сақшыларының сапары кезінде жұмыс орнында ер адамдарға қызмет көрсететін 13 қыз болған.

Қыздардың Алматыға Қазақстанның барлық аймағынан жұмыс істеуге келгені анықталды.
Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы заңнаманың талаптарын, сондай-ақ, гигиеналық нормативтерді бұзғаны үшін ҚР ӘҚбК-нің 425 бабы бойынша құқық бұзушыларға қатысты әкімшілік хаттамалар жасалды », — деді, Алматы қалалық полиция Департаменті бастығының бірінші орынбасары, полиция полковнигі Нұрлан Алмасбеков.

Loading

от admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
Астарлы ақиқат агенттігі whatsapp желісі
Сәлеметсіз бе?
Сізге қандай көмек көрсете аламыз?