«Жаңа жағдайдағы жастар: Іс-қимыл кезеңі» Республикалық жастар білім беру жобасы іске қосылды. Бұл туралы ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі мәлімдеді.

Ағымдағы жылдың 9 қарашасында Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Қазақстан Жастар Конгрессімен серіктестікте республиканың барлық аймақтарын онлайн форматта байланыстыра отырып, «Жаңа жағдайдағы жастар: Іс-қимыл кезеңі» Республикалық жастар білім беру жобасын іске қосты.

Жобаның мақсаты — жастарды жаңашылыққа бейімдеп, олардың өзін-өзі дамытуына жағдай жасау.

Білім беру жобасының алғашқы қонағы – Нұрсұлтан Назарбаев Фондының директоры Дариға Назарбаева болды.

«Біз пандемияны тез арада аяқтала қояды деп ойламаймыз, ондай жағдайда әлі ұзақ уақыт әрекет етуге дайын болуымыз керек. Ал бұл — қолдауды қажет ететін адамдарға барынша көмек көрсетуді жалғастыру керек деген сөз.

Жастар үшін қоғамға, яғни елімізге қалтқысыз қызмет етуден маңызды іс болуы мүмкін бе? Осы қызмет арқылы сіздер тәжірибе жинақтайсыздар, құрмет пен беделге ие боласыздар және өмірде көп жетістіктерге жетесіздер. Мен сіздерге шын жүректен осыны тілеймін.

​Осындай өмірлік ұстаным жаңа ұрпаққа, жаңа адамдарға кез келген дағдарысты жеңуге және ұлттық егемендігімiзді нығайтуға күш-қуат береді деп сенемін»,- деді Дариға Назарбаева.

Ашылу барысында Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева: «Құрметті жобаға қатысушылар! Коронавирустық пандемия біздің жоспарларымызға бірқатар түзетулер енгізді; сонымен бірге онлайн режимінде тиімді жұмыс істей алатындығымызды және жұмыс жасауымыз керектігін көрсетті. Эпидемия адамдардың ойлау қабілетін, өмірге деген көзқарасын өзгертіп, барлығымыз да өз жұмысымызда және күнделікті өмірде үлкен жауапкершілікті сезінетін болдық» деп атап өтті.

Жоба аясында, бір айдың ішінде жас қазақстандықтар өз білімін арттырып, білікті жаттықтырушыларды, сарапшыларды және өзге де шақырылатын қонақтарды жобаға тарта отырып, жаңа көшбасшылық және өмірлік қарім-қабілеттерге ие болады.

Жоба аясында жастардың өзекті мәселелері бойынша әлеуметтік диалогты жандандыру және әлеуметтік серіктестік тетіктерін әзірлеу үшін, орталық мемлекеттік органдар басшылығының қатысуымен, жастар пікірталастары жоспарланған.

Жұмыс бес негізгі бағыт бойынша жүзеге асырылады: азаматтық белсенділік, еріктілер, ақпараттық технологиялар, жастар кәсіпкерлігі және жеке даму.

Жоба онлайн-форматта жүзеге асырылатындықтан оған еліміздің түкпір-түкпірінен жастар өкілдері қатыса алады.

Loading

от admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
Астарлы ақиқат агенттігі whatsapp желісі
Сәлеметсіз бе?
Сізге қандай көмек көрсете аламыз?