Іздеуде жүрген қылмыскер Алматыда қалта ұрлығы үшін қамауға алынды

Алматы қаласының полицейлері шаһарға қылмыстық іс-әрекет жасау мақсатында келген 35 жастағы Семей қаласының тұрғынын ұстады. Бұл туралы Алматы қаласы полиция департаментінің басшысы, Канат Таймерденов жария етті.
«Бұрын осыған ұқсас қылмыстары үшін сотталған, жұмыссыз жүрген К.азамат Алматыға қалта ұрлығы арқылы «қосымша ақша табу» үшін келген. Бірақ, тұрақты бақылау мен алдын-алу іс-шаралардың арқасында біздің қызметкерлер оны қалаға келген күні ұстады. Осы уақытқа дейін ол қоғамдық көлік жолаушысының қалтасынан ұялы телефонды жасырын ұрлап үлгерген. Қазіргі уақытта К.азамат уақытша ұстау изоляторына орналастырылды. Ұсталған адамға қатысты ҚР ҚК-нің 188 бабы — ұрлық бойынша сотқа дейінгі тергеу тіркелді », — деді, Алматы қалалық ПД криминалдық полиция Басқармасының бастығы, полиция полковнигі Еркін Іңкәров.
Сонымен қатар, Алматы полициясы ұсыныстарды еске салады, олардың орындалуы сіздің иелігіңіздегі мүліктің ұрлану ықтималдығын азайтады және егер сіздің қалтаңыздан ұрлық жасалынып қойған болса, сіздің шешімді әрекетке ішкі дайындық деңгейіңізді жоғарылатады.

  • қалтаңыздағы және сөмкеңіздегі мүлікті мұқият қадағалаңыз, бағалы заттарды адамның қолы енбейтін жерлерде сақтаңыз;
  • егер мүмкін болса, адамдар көп тасымалданатын көліктегі қозғалысты шектеу;
  • қоғамдық көлікке отырғанда абай болыңыз, қырағылық танытыңыз, өйткені қалта ұрлығы мен сөмкелерден ұрлық жасаудың негізгі үлесі дәл осы сәтте орын алады;
  • сіз қоғамдық көлікте, сауда орталығында немесе басқа да адамдар көп жиналатын жерлерде болған кезде сөмкелер мен пакеттерді көзге көрінетін жерде сақтаңыз, оларды ашылмайтын немесе бүйірінен кесіп алмайтындай етіп қадағалаңыз;
  • өзін дұрыс ұстамайтын адамдарға мұқият назар аудару;
  • ақшаны және басқа құндылықтарды ешқашан көрсетпеңіз, оларды ішкі қалтаңызда немесе сөмкеңізде ұстаңыз және сөмкені кеудеге жақын ұстауға тырысыңыз, әсіресе сіз адамдар көп жерде болсаңыз;
  • бағалы заттарды, ақшаны және ұялы телефондарды шалбардың артқы қалтасында ешқашан ұстамаңыз, өйткені бұл ұрыларға оңай олжа болады;
  • сөмкелері бар әйелдер сөмкенің құлпы оңай және иесіне білінбейтіндей тез ашылмауына көз жеткізуі керек.
    Егер ұры сіздің мүлкіңізді ұрлап үлгерген болса, онда сізге:
  • қаскөйдің белгілерін, бойының ұзындығын, жасын, дене бітімін және мүмкіндігінше оның киген киімін есіңізде сақтаңыз;
  • құқық бұзушы қай бағытта жоғалып кетті;
  • дереу «102» басқару пультіне полицияға хабарлаңыз

Loading

от admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
Астарлы ақиқат агенттігі whatsapp желісі
Сәлеметсіз бе?
Сізге қандай көмек көрсете аламыз?