Алматы қаласы Бостандық ауданының полиция қызметкерлері меншікке қарсы қылмыстарды, яғни пәтер ұрлығын ұйымдастырушыны сыбайласымен бірге ұстады. Бұл туралы Алматы қаласы полиция департаментінің басшысы Қанат Таймерденов мәлімдеді.
«Күдікті — 1987 жылы туған К.есімді азамат, Жамбыл облысының тумасы, шаһардың екі ауданында, Әуезов және Бостандық аудандарында пәтер ұрлығымен айналысқан. Тек біздің ауданда олар 7 пәтерді тонаған. Олар басқа адамдардың пәтеріне кілттерді таңдау, домофонға қоңырау шалу арқылы кірген. Қылмыскерлерді негізінен алтын бұйымдар, қолма-қол ақша, ноутбуктар қызықтырды, оларды сату кезінде олардың иелерін анықтау мүмкін болмайды. Жоғарыда аталған ұрлықтардың жалпы материалдық шығыны 9 миллион теңгені құрады », — деді, Бостандық аудандық полиция Басқармасы жанындағы полиция бөлімінің бастығы, полиция подполковнигі Ғалым Қасымбаев.
Қазіргі уақытта қылмыстың сыбайластары кінәсін мойындауда. Сотқа дейінгі тергеу ҚР ҚК-нің 188 бабы, 3 бөлігіне сәйкес жүргізілуде.

Loading

от admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
Астарлы ақиқат агенттігі whatsapp желісі
Сәлеметсіз бе?
Сізге қандай көмек көрсете аламыз?