Түрксіб аудандық полиция Басқармасы жанындағы полиция бөлімі, алаяқтық фактісі бойынша ер адамға қатысты қылмыстық істі тергеуде екенін жариялады.
«Күдікті -1995 жылы туған Б. мырза, соңғы үлгідегі смартфондарды нарықтық бағадан төмен сатып алғысы келетін, қарапайым адамдарға қарсы қылмыс жасады. Сатып алушылардың сенімін пайдаланып, алдау және сенімге қиянат жасау арқылы қаскөй жәбірленушілердің қаражатын иемденді. Жәбірленушілердің соңғы үлгідегі смартфондарға қызығушылық танытатындығы туралы ақпарат ала отырып, өзінің қылмыстық мақсатын жүзеге асыру үшін қоймаларға кіруге болатындығын айтып және қызығушылық тудыратын тауарларды тезірек арзан бағамен алуға уәде берді. Алайда күдіктіге ақша аударғаннан кейін жәбірленушілер смартфонды алмады және ақшасыз қалды. Қаскөй алған қаражатын жеке қажеттіліктеріне жұмсаған және жәбірленушілермен байланысқа түскен шықпаған », — деді, Түрксіб аудандық ПБ жанындағы полиция бөлімінің бастығы, полиция подполковнигі Ерлан Аянбаев.
Қазіргі уақытта ҚР ҚК-нің 190 бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Күдікті Алматы қаласындағы ПД уақытша ұстау изоляторына орналастырылды. Осы адамның қылмыстық іс-әрекеттерінен зардап шеккендерді, полиция мына нөмірлер арқылы байланысуға шақырады: 298-54-60; 298-54-61 және 8-701-718-70-69. Алматы қаласы

Loading

от admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
Астарлы ақиқат агенттігі whatsapp желісі
Сәлеметсіз бе?
Сізге қандай көмек көрсете аламыз?