Түркістан облысының полицейлері 57 млн теңге алаяқтыққа қатысы бар күдіктіні ұстады. Бұл туралы Түркістан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Түркістан облысы ПД Тергеу басқармасының тәжірибелі қызметкерлері мен Сарыағаш АПБ-нің полицейлері жедел-іздестіру іс-шараларының арқасында бір өзі 57 миллион теңгенің алаяқтығын жасаған күдікті жас жігітті ұстады. Ол 4 жылдан бері жұмыс бабымен Нұр-Сұлтан қаласында тұратын, Қарағандылық тұрғын болып шықты.
Түркістан облысы тергеушілерінің тиянақты тірліктерінің нәтижесінде ашылған бұл алаяқтық қылмысы туралы нақтырақ айтсақ:
-Сарыағаш АПБ-не ағымдағы жылдың қараша айының басында жергілікті тұрғын, жеке кәсіпкер арызданады. Жәбірленушінің айтуынша ол, Нұр-Сұлтан қаласында пісте өнімін арзан бағада сататын адам барын естіп, бірден телефон арқылы 500 тоннаға тапсырыс берген. Осылайша телефонмен тілдескен сатушының есепшотына 57 миллион теңгеден астам ақшасын аударады. Алайда ешқандай пісте өнімін алмаған, не ақшасын қайтара алмай қалған Сарыағаштық тұрғын алаяққа алданғанын біліп, полицейлерге арызданған. Аталған жайт ҚР ҚК-нің 190-бабы «Алаяқтық» бойынша тіркелді.


Аса ірі мөлшердегі алаяқтық қылмысын ашуға облыстық Тергеу басқармасының қызметкерлері тартылды. Жедел-тергеу тобы қажетті іс-шараларды жүзеге асырып, тез арада әрекет етті. Осылайша алаяқтық жасаған жас жігіттің ізіне түсіп, оны 3 тәулік ішінде Нұр-Сұлтан қаласынан ұстап, Сарыағаш АПБ-не жеткізді. Ұсталған күдікті өз кінәсін толығымен мойындады. Қамауға алынды.
Тергеу барысында күдікті сатып алушымен тікелей кездеспегенін пайдаланып, аса ірі мөлшердегі ақшаны көріп, ойы өзгеріп, жеңіл жолмен ақша тапқысы келгені белгілі болды. Сондай-ақ, жәбірленушінің ақшасын өз қажеттілігіне жұмсап жіберген. Полицейлер күдіктіден айғақты зат ретінде 15 миллион теңге ақша мен алаяқтық жолмен тапқан ақшаларға сатып алынған 2 жеңіл автокөлік және соңғы үлгідегі 2 дана ұялы телефон тәркілеп алды. Қазіргі таңда күдіктінің қылмыстық іс-әрекеттеріне байланысты ҚР ҚК-нің 190-бабы «Алаяқтық» бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
Түркістан облысы полицейлері тұрғындарға алаяқтардың арбауына алданып қалмай, абай болыңыздар деп ескертеді. Сондай-ақ өз қаражатыңыз бен мүлкіңізге сақ болыңыз. Егерде осындай жайттар орын алған жағдайда «102» шұғыл телефон нөміріне хабарласыңыздар. Бұл өз кезегінде қылмыстың «ізін суытпай» ашуға мүмкіндік бермек.

Түркістан облысы

Loading

от admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
Астарлы ақиқат агенттігі whatsapp желісі
Сәлеметсіз бе?
Сізге қандай көмек көрсете аламыз?