Атырау облысы аумағында «Тоқта, трафик» профилактикалық жедел-іс шарасы барысында екі трансвестит анықталды. Бұл туралы Атырау облысы полиция департаментінің басшысы Қамза Үмбетқалиев мәлімдеді

11 қараша күні криминалдық полиция жедел уәкілдері учаскелік полиция инспекторларымен Вокзал маңы 5 ықшам ауданындағы үйлердің біріндегі пәтерден 25 -29 жастағы жеңіл жүрісті 3 азаматшаны, Алмагүл ықшам ауданындағы, Махамбет көшесіндегі, Азаттық даңғылындағы көп қабатты үйлердің пәтерлерінен 10 азаматша анықталды. Жастары 25 -28 жастағы жеңіл жүрісті қыздар Қызылорда, Ақтау, Шымкент қалаларының тұрғындары болып шықты.
Сексуалдық сипаттағы қызметпен айналысуға арнайы Атырауға келіпті.


Осы кеште Кұлманов көшесіндегі үйлердің бірінен пәтер жалдап, сексуалдық сипаттағы қызметпен айналысқан Ақтөбелік екі жігіт- трансвеститтердің «кәсіптері» әшкереленді.
Жеңіл жүрісті қыздар мен трансвестит жігіттер ҚР Әкімшілік кодексінің 449 бабымен хаттама толтырылып, ескертулер берілді.
Жалдамалы пәтерлердің иелеріне қатысты жинақталған құжаттар Атырау облысы бойынша мемлекеттік Кірістер департаментіне жолдануда.
Жалпы, аталмыш шара басталғалы Атырауда 20-ға жуық жеңіл жүрісті қыздар анықталды.
Атырау облысы

Loading

от admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
Астарлы ақиқат агенттігі whatsapp желісі
Сәлеметсіз бе?
Сізге қандай көмек көрсете аламыз?