Талдықорған полициясы ауыр қылмыс жасап жауапкершіліктен жалтармақ болған адамды ұстады. Бұл туралы Алматы облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді.
Ағымдағы жылдың 14 қазанында Талдықорған қаласындағы көпсалалы аурухананың жансақтау бөліміне 42 жастағы Талдықорған қаласының тұрғыны бас ми жарақатымен ауыр халде түсті. Аталған дерек ҚР ҚК-нің 106-бабының 1-бөлігі «Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру» бойынша тіркелді.
«Жүргізілген жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде алдымен оқиға орнын, содан кейін алаяқтық, ұрлық және тонау үшін үш рет сотталған 32 жастағы жергілікті тұрғын- күдіктінің өзін анықтауға мүмкіндік туды. Қылмыс жасап 7 жылдан астам уақыт түрмеде отырған ер адам қашуға бел байлаған, алайда тәртіп сақшылары оның орналасқан жерін анықтап, оны Сарқан қаласынан ұстады»,- деп хабарлады Талдықорған қалалық ПБ Криминалдық полиция бөлімінің бастығы полиция полковнигі Қайрат Шаханов.
Күдіктіні іздестіруде Батыс ҚПБ КПБ аға жедел уәкілі полиция майоры Қанат Мейірбеков және Шығыс ҚПБ КПБ жедел уәкілі полиция аға лейтенанты Руслан Жетенов ерекше көзге түсті. Айта кету керек, жақында, дәлірек айтсақ, 26 қазанда дәл осы қызметкерлер бір ай бұрын сот іздеу жариялаған Ескелді ауданының 30 жастағы тұрғынын ұстады.
«Сот қашқынның бұрын да қылмыстық жауапкершілікке тартылғанын ескере отырып, оны қамаққа алуға санкция берді . Жалпы, тоғыз айдың қорытындысы бойынша Талдықорған қалалық ПБ іздестіру бөлімі түрлі қылмыс жасаған 63 қылмыскердің тұрғылықты жерін анықтап, ұстады. Олардың қатарында нашақорлар, ұрылар, бұзақылар және жауапкершіліктен жалтаруға тырысқан адамдар бар»,- деп толықтырды Қайрат Шаханов.

Алматы облысы

Loading

от admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
Астарлы ақиқат агенттігі whatsapp желісі
Сәлеметсіз бе?
Сізге қандай көмек көрсете аламыз?