2015 жылдың сәуір айында Алматы облысы Алматы-Бішкек тасжолында орналасқан ірі сауда орталығындағы қауіпсіздік қызметі қызметкерлерінен Қарасай АПБ кезекші бөліміне, спорттық тауарлар бутигіндегі заттарды қолды қылған ұрыларды ұстамақ болған сәтте, олардың көрсетілген бутиктің үш қызметкеріне пышақ жарақатын салғаны туралы хабарлама келіп түсті. Аталған дерек ҚР ҚК-нің 192-бабының 2-бөлігі, 188-бабының 2-бөлігі (Қарақшылық шабуыл және бөтеннің мүлкін ұрлау) бойынша тіркелді. Бұл туралы Алматы облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді.
Жүргізілген жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде тәртіп сақшылары қылмыс жасағаны үшін кінәсін толық мойындаған 19 жастағы студентті, яғни қылмыскерлердің бірін ізін суытпай ұстады. Екінші қарулы қарақшыны іздеу жұмыстары жалғасуда. Күдікті-Оқанов Дидарбек Әсембекұлы жиналмалы пышақпен оларды ұстауға тырысқан үш ер адамға пышақ жарақатын салған.
Оқанов Дидарбек Әсембекұлы-19.03.1995 жылғы ШҚО, Катонқарағай ауданының тумасы.
Іздестіріліп жатқан адамның орналасқан жері туралы қандай да бір ақпарат білсеңіздер полицияға 8 (7282) 60-82-33, 60-82-32 немесе 8 705-110-55-57 телефондары бойынша хабарлауларыңызды сұраймыз.

Алматы облысы

Loading

от admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
Астарлы ақиқат агенттігі whatsapp желісі
Сәлеметсіз бе?
Сізге қандай көмек көрсете аламыз?