Түркістан облысында жол апаты салдарынан үш адам көз жұмды, оның ішінде емізулі бала бар. Бұл туралы Түркістан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

12 қараша күні таңғы сағат 9.00-де Алматы-Ташкент-Термез автожолының 725 шақырымында «DaewooNexia» автокөлігінің жүргізушісі рульді басқара алмай, металл бағанаға соғылып, жол шетіне аударылған. Оқиға орнында жүргізушінің үш туысы, соның ішінде кішкентай бала көз жұмды. Жүргізушінің өзі және тағы бір жолаушы түрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілді.
Бұл жайтты полиция қызметкерлері Төлеби АПБ-нің СДТБТ-не тіркеді. Сотқа дейінгі тергеуді Түркістан облысы ПД-нің анықтаушылары жүргізуде. Сараптама тағайындалды. Полицейлер оқиғаның толық мән-жайын анықтауда.
Түркістан облысының полицейлері азаматтардан жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауды сұрайды. Өз өміріңізге және туған-туыстарыңыздың өміріне мұқият болыңыз. Жол қателікті кешірмейді!

Түркістан облысы

Loading

от admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
Астарлы ақиқат агенттігі whatsapp желісі
Сәлеметсіз бе?
Сізге қандай көмек көрсете аламыз?