Қарағанды облысының ТЖ департаменті халық арасында тұрақты негізде үгіт-профилактикалық шараларын жүргізеді. Жылыту маусымы басталғаннан бері 60 мыңнан астам адамды қамти отырып, 20 мыңнан астам тұрғын үй секторын аралау жүргізілді. 2020 жылдың тамыз айынан бастап көп балалы және аз қамтылған отбасылардың үйлеріне 350 датчик орнатылды. 2018 жылдан бастап облыста барлығы 2389 датчик орнатылған. Бұл туралы Қарағанды облысының ТЖД баспасөз қызметі мәлімдеді.
Алдын алу жұмыстарына қарамастан, облыс аумағында жылыту кезеңі басталғаннан бері тұрғын үй секторында 234 өрт болды. Өрттің нәтижесінде 12 адам қаза тапты, 10 адам жарақат алды.
Өткен түнде, 13 қараша күні сағат 04:16-да Қарағанды қаласының Углесборочная көшесінде бір қабатты тұрғын үйде өрт шықты. Төрт бөлмелі үйдің дәлізінде 2 ш.м. алаңда отын, көмір және еден жанды. Өрт сөндіру барысында ТЖД қызметкерлері үй иесін, 1963 жылы туған ер адамды құтқарды. Бірақ, өкінішке орай, үй иесінің 56 жастағы әйелі газдан уланып қайтыс болды. Өрт 04:41-де сөндірілді. Өрттің себебі электр сымдарының қысқа тұйықталуы болды.
Төтенше жағдайларға, адамдардың қаза болуына және жарақаттануына жол бермеу мақсатында өрттің алдын алу үшін өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау қажет:

  • электр сымдарының, ажыратқыштар мен розеткалардың жарамдылығын бақылау;
  • электр аспаптарын, плиталарды жарамды күйде, жанбайтын тұғырларда, перделерден, жиһаздардан және жанғыш материалдардан алыс ұстауға;
  • бір желіге бірнеше электр аспаптарының қосылуына жол бермеу, бұл электр желісінің артық жүктелуіне әкеледі;
  • қолдан жасалған электр қыздырғыш аспаптарды пайдаланбауға;
  • жылыту маусымы басталар алдында пештерді жөндеңіз, мұржаларды айына кемінде бір рет тазалау қажет;
  • пешті тез тұтанатын сұйықтықтармен жағуға жол бермеу;
  • пеш жағуды үйден шыққанға дейін кемінде 2 сағат бұрын тоқтатыңыз.

Қарағанды облысы

Loading

от admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
Астарлы ақиқат агенттігі whatsapp желісі
Сәлеметсіз бе?
Сізге қандай көмек көрсете аламыз?