Ағымдағы жылдың 12 қарашасында сағат 19:08 шамасында Шымкент қаласы Желтоқтан және Б.Момышұлы көшелерінінің қиылысында «Chevrolet Spark» автокөлігі өртке оранған.

Осы сәтте көше қиылысында жол қозғалысын реттеп тұрған қос тәртіп сақшысы Дәулет Тасбулатов және Нұржігіт Жаманғараев жедел көмек көрсетуге кіріседі. Яғни, автокөліктің капотын ашып, аккумуляторын сымнан ажыратады. Сондай-ақ, оқиға орнына қосымша патурльдік полиция полкінің №728 автоэкипаж қызметкерлері Кадиров Ринат және Әділет Бердібекұлы да өртті ауыздықтауға көмектесті. Бұл туралы Шымкент қаласы Полиция департаментінің Баспасөз қызметі мәлімдеді.Өздерінің мемлекеттік автокөліктерінен өрт сөндіру құралын алып өрт өшірді. Осылайша теміртұлпардың толық өртке орануының алдын алды.

Жедел әрекет еткен полицейлердің осы іс-әрекетінің нәтижесінде автокөлік жүргізушісі мен жолаушы азаматтың өміріне қауіп төнген жоқ. Артынша оқиға орнына өрт сөндіру қызметі де келді. Осылайша төтенше жағдайдың алдын алған Шымкент қаласы Полиция департаментінің қызметкерлеріне автокөлік жүргізушісі өз алғысын айтып, рахметін жеткізді..«Үнемі жол үстінде жүргендіктен түрлі жағдай орын алады. Бірақ өз басыңнан тосын оқиға болған кезде не істеріңді білмей қалады екенсің. Осындай сәтте маған көмекке келген полиция қызметкерлеріне үлкен алғыс айтамын. Еш ойланбастан өртті сөндіруге барын салды. Қолы күйген болуы мүмкін. Өз қызметін мінсіз атқарып жүрген халыққа жақын тәртіп сақшыларына алғысым шексіз. Жұмыстарыңыз табысты болсын!» – дейді Абдурасилов Ирискул

Шымкент қаласы

Loading

от admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
Астарлы ақиқат агенттігі whatsapp желісі
Сәлеметсіз бе?
Сізге қандай көмек көрсете аламыз?