Өткен түнде Криминалдық полиция қызметкерлері түнгі рейд жүргізген болатын.

Алматы қаласы Наурызбай ауданы
аумағында орналасқан қонақ үй кешені полиция назарына ілінді. Бұл туралы Алматы қаласы полиция департаменті басшысы Қанат Таймерденов мәлімдеді.
«Жедел уәкілдері қонақ үйге келген келген кезде осы мекеменің жезөкшелікке қатысты өз үлесін қосқан әкімшісі мен жезөкшелікпен айналысатын 7 әйел анықталды.

Анықталғандай, жеңіл жүрісті қыздардың біреуі көші-қон заңнамасын өрескел бұзып, Қазақстанда жүрген Өзбек елінің азаматшасы болса, қалғандары еліміздің адамдары екендіктері белгілі болды.

Жақын күндері сот шешімімен өзбек азаматшасы ел аумағынан шығарылады. Ұсталған барлық азаматшалар полицияға жеткізіліп, олардың қандай да бір құқық бұзушылықтар мен қылмыстарға қатыстылығы тексеріледі. Ал қонақ үйді жезөшелер ошағына айналдырған мекеме басшылығына қатысты тиісті шара қолданылады»-деп мәлімдеді Алматы қаласы Полиция департаментінің бастығының орынбасары, полиция полковнигі Берік Әбілбеков.
Полицияда хабарлағандай, Алматы қаласында 10-қарашадан бастап бірінші кезекте қылмыстық ахуалды тұрақтандыру мен адам саудасына қатысты қылмыстардың алдын алу бағытталған «Стоп трафик» арнайы іс-шарасы жүргізіледі.

Loading

от admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
Астарлы ақиқат агенттігі whatsapp желісі
Сәлеметсіз бе?
Сізге қандай көмек көрсете аламыз?