Алматылық полицейлер өте маңызды арнайы жедел іс-шара өткізді. Бұл туралы Алматы қаласы полиция департаментінің басшысы Қанат Таймерденов жариялады.

Аталған жедел іс-шара нәтижесінде қару-жарақ өңдейтін жасырын цех әшкереленді.

«Алматы қаласы Медеу ауднының екі тұрғыны ұсталып, олардың тұрғылықты мекен-жайлары бойынша ірі көлемдегі әр-түрлі үлгідегі атыс қарулары, оқ дәрілер және қаруларды қайта өңдеуге арналған құрылғылар анықталды.

Тәркіленген барлық заттар сот алды біріңғай тергеу реестріне тіркеліп, ҚР ҚК-нің 287 бабы 3 тармағы бойынша қылмыстық іске қозғалды. Барлық қару -жарақ арнайы баллистикалық сараптамаға жіберілді,»-деп мәлімдеді Алматы қаласы ПД-і бастығының орынбасары, полиция полковнигі Берік Әбілбеков.

Сондай-ақ, Алматы полициясында мәлімдегендей сараптама нәтижесі бойынша аталған қару-жарақтардың қандай мақсатта қайта өңделгендігі белгілі болады. Алматы қаласы

Loading

от admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
Астарлы ақиқат агенттігі whatsapp желісі
Сәлеметсіз бе?
Сізге қандай көмек көрсете аламыз?