Жоғарғы Сот жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті басшысының орынбасары Нұрсұлтан Бәйтілесов Түркістан облыстық сотының ұжымына Соттар әкімшісінің жаңа басшысы – Жеңіс Мақұлбаевты таныстырды. Бұл туралы Түркістан облыстық сотының баспасөз қызметі мәлімдеді.

Н. Байтілесов және Түркістан облыстық соты төрағасының міндетін атқарушы С. Дзюлиев сөз сөйлей отырып, Ж. Мақұлбаевтың кәсібилігін, жеке қасиеттерін, білімі мен сот жүйесіндегі жұмыс тәжірибесін атап өтті. Спикерлер өңірдегі соттарының жұмыс сапасын арттыру үшін барлық күш-жігерін салатынына сенім білдірді.

Жұмыс сапары барысында Н. Байтілесов Соттар әкімшісінің қызметкерлерімен және Мамандандырылған ауданаралық экономикалық соттың ұжымымен кездесіп, Жоғарғы Соттың сот жүйесінің ашықтығын қамтамасыз ету, сот ісін жүргізуде цифрлық технологияларды кеңінен қолдану және азаматтардың сот жүйесіне деген сенім арту деңгейін арттыру бойынша жүргізіп жатқан жұмыстары туралы хабардар етті. Ол сот қызметкерлерінің қызығушылық танытқан сұрақтарына жауап берді.

Н. Байтілесов сондай-ақ Арыс қаласы аудандық сотының жаңа ғимаратының құрылыс барысымен танысты.

Осы күні Н.Бәйтілесов өңір әкімі Өмірзақ Шөкеевпен жұмыс кездесуін өткізіп, онда облыстық сот ғимаратын салу, судьялар мен сот қызметкерлерін тұрғын үймен қамтамасыз ету мәселелері талқыланды.

Анықтамадан:
Мақұлбаев Жеңіс Тіллабайұлы 1973 жылы Оңтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген.
1995 жылы Қ.а. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетін «Заңгер-құқықтанушы»мамандығы бойынша бітірген.
2004 жылдан- Ақтау қалалық сотының және Ақтөбе облыстық ауданаралық экономикалық сотының судьясы, Сарыағаш және Мақтаарал аудандық соттарының төрағасы.
Жоғарғы Соттың «Сот жүйесінің үздігі» төсбелгісімен марапатталған.

Түркістан облысы

Loading

от admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
Астарлы ақиқат агенттігі whatsapp желісі
Сәлеметсіз бе?
Сізге қандай көмек көрсете аламыз?