Қаратау ауданының əкімі А.Аликулов Асар-2 шағынауданындағы атқарылып жатқан жұмыстарды бақылау мақсатында аталған елді мекеннің орам жəне көше басқарушыларымен тұрақты түрде аралау жұмыстарын жүргізуде. Бұл туралы Шымкент қаласы, Қаратау ауданы әкімдігі мәлімдеді.
Қазіргі таңда, Асар-2 шағынауданын ауыз сумен қамтамасыз ету бойынша 156,1 км құрайтын ішкі орамдық жүйелерінің құрылыс жұмыстары 01.05.2020 жылы басталды. Жоба құны 1 560,5 млн тг. Ағымдағы жылы жергілікті бюджеттен 350 млн тг қаржы бөлінді. Пайдалануға беру мерзімі 01.10.2021 жыл.

Мердігер мекеме «Сарыағаш-Аман» ЖШС
Асар-2 шағынауданындағы электр желілерінің құрылысы 2019 жылы бюджеттен 700 млн тг қарастырылып жұмыстар басталған болатын. Жоба құны 1 155,9 млн тг. Ағымдағы жылы бюджеттен қаржы бөлініп, 1 кезек жұмыстары атқарылуда. Мердігер мекеме «Ремстрой Алматы» ЖШС. Нәтижесінде, 87,2 км желі, 1 дана РП және 24 дана КТП орнатылатын болады.


Сондай-ақ, Асар-2 шағынауданын сапалы электр жарығымен камтудың 2 кезеңі бойынша ЖСҚ әзірленген.
Қазіргі уақытта, аудан аумағындағы жалпы ұзындығы 44 шақырымды құрайтын 78 топырақ көшеге шағал тас төсеу жұмыстары жүргізілген,оның ішінде Асар-2 шағынауданындағы ұзындығы 3,5 шақырымды құрайтын 6 көшеге шағал тас төсеу жұмыстары атқарылды. Шымкент қаласы

Loading

от admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
Астарлы ақиқат агенттігі whatsapp желісі
Сәлеметсіз бе?
Сізге қандай көмек көрсете аламыз?