Елордада дәмханада газ баллон жарылды. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының төтенше жағдайлар департаменті мәлімдеді.

2020 жылғы 21 қарашада сағат 12.25-те Нұр-Сұлтан қаласы ТЖД кезекші-диспетчерлік қызметінің пультіне Шұбар шағын ауданындағы дәмхана ретінде қайта жабдықталған коттеджде газ баллон жарылғаны туралы хабарлама түсті. Өрт сөндірушілер оқиға орнына келген бойда үй-жайдың ішінде бір адам және 15 газ баллон бар екені анықталды. Жарылыс салдарынан ас үйдің шатыры құлаған.


Құтқарушылар 15 баллонды алып шығып, бір адамды құтқарды. Алдын ала мәліметтер бойынша бір адам оқиға орнында көз жұмды. Сонымен қатар жедел-медициналық көмек бригадасы 19 адамды қарап жатыр.
Көлемі 20 шаршы метр өрт сағат 12.58-де сөндірілді.
Оқиға орнында Нұр-Сұлтан қаласы ТЖД то, Апаттар медицинасы орталығының күштері мен құралдарынан 34 құтқарушы және 10 бірлік техника жұмылдырылды. Адамдар тоңып қалмас үшін қала әкімдігі және ТЖ департментімен КУНГ—көлігі мен автобус жіберілді. Оқиға орнында жедел штаб құрылды, психологиялық көмек беру және ақпараттық қолдау үшін жедел желі телефоны қосылды 24-51-71, 24—51—47.

Loading

от admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
Астарлы ақиқат агенттігі whatsapp желісі
Сәлеметсіз бе?
Сізге қандай көмек көрсете аламыз?