Қарағанды облысындағы жол бойында жүк көлігі аударылып кетті

Бүгін, 14 желтоқсан күні Бұқар Жырау ауданынында, «Алматы-Екатеринбург» автожолынан 995 шақырымында, Қарағанды қаласынан 11 шақырым жерде «MAZ» маркалы автомобильдің жол жиегіне аударылуы орын алды. Бұл туралы Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметі мәлімдеді.

Нәтижесінде алдын ала көлемі 15 тонна күкірт қышқылы 20 шаршы метр ашық жерге жайылды. Оқиға салдарынан жарақат алған 1971 жылы туған жүргізуші ауруханаға жатқызылды. Жағдайы орташа. Оқиға орнында Қарағанды облысы ТЖД 19 қызметкері және 4 бірлік техникасы, жергілікті полиция қызметі, ҚР ТЖМ әскери бөлімі және Экология департаменті жұмыс істеуде.


Құтқарушылар көлік құралдарының жүргізушілеріне жүгінеді: төмен температуралар, жолдардың қар басуы және көктайғақ жағдайларында мүмкіндігінше сапарлардан бас тарту ұсынылады; нашар көріну кезінде қалыпты жылдамдықты таңдау және жарық беру аспаптарын пайдалану маңызды.

Қарағанды облысы

Loading

от admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
Астарлы ақиқат агенттігі whatsapp желісі
Сәлеметсіз бе?
Сізге қандай көмек көрсете аламыз?