Түркістан облысының полицейлері дәрілік препараттарды заңсыз тасымалдау контрабандасының жолын кесті. Бұл туралы Түркістан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі жариялады.

Бүгін брифингте Полиция департаменті бастығының орынбасары полиция подполковнигі Құрманбек Сахов:

— «Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Түркістан облысы ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Сарыағаш ауданы трассаларының бірінде жүк көлігін тоқтатады. Жедел уәкілдер фургонды тексеру кезінде тиісті құжаттары жоқ 254 дәрі-дәрмек қорапшасын тауып, тәркіледі. Жүргізушінің айтуынша, ол Шымкент қаласының тұрғынымен келісіп, Сарыағаш ауданынан Түркістан қаласына белгіленген ақыға жүк жеткізбек болған. Алынған дәрі-дәрмектердің ішінде: бисокодил, бисептол, кетонал, глицин, вольтарен, попадол және басқалары да болды.

Сондай-ақ, аталған жүк Өзбекстан азаматына тиесілі екендігі және Ресейден көрші республикаға контрабандалық жолмен тасымалданғаны анықталды. Дәрі-дәрмектердің жарамдылық мерзімі өтіп кеткен. Контрабандалық жүктің жалпы құны шамамен 34 миллион теңгені құрады.

Қазіргі уақытта аталған жайт Сарыағаш АПБ-да тіркелген.»- деп атап өтті полиция подполковнигі Құрманбек Сахов.

Өз кезегінде Түркістан облысының полицейлері заңсыз контрабанда және дәрі-дәрмектерді тиісті құжаттарсыз сатқаны үшін құқық бұзушылар жауапкершілікке тартылуы мүмкін екенін еске салады. Түркістан облысы

Loading

от admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
Астарлы ақиқат агенттігі whatsapp желісі
Сәлеметсіз бе?
Сізге қандай көмек көрсете аламыз?