Жамбылдық полицейлер “Допинг” жедел-алдын алу іс-шарасы барысында есірткі қылмысының 30 дерегін анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Іс-шара барысында төрт адамның есірткіні өткізу мақсатынсыз аса ірі мөлшерде заңсыз сақтағаны (ҚР ҚК-нің 296-бабының 4-бөлігі) және есірткіні өткізу мақсатынсыз қоғамдық орындарда медициналық емес тұтыну және заңсыз сақтаудың сегіз дерегі (ҚР ҚК-нің 296-бабының 1,2,3-бөлігі), есірткіні, психотроптық немесе улы заттарды пайдалану қағидаларын бұзудың екі дерегі (ҚР ҚК-нің 303-бабының 1-бөлігі) анықталды.

Сондай-ақ дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың айналымы саласындағы фармацевтикалық қызмет қағидаларын бұзудың 11 дерегі (ҚР ӘҚБтК-нің 426-бабы 1-бөлігі) және ҚР ӘҚБтК-нің 427-бабы 1-бөлігі бойынша әкімшілік құқық бұзушылықтың бес дерегі (Есірткі, психотроптық заттар, прекурсорлар айналымы саласындағы нысандар мен үй-жайлардың техникалық нығайтылу талаптарын бұзу) анықталды.

Мәселен, 20 қарашада Ақыртөбе ауылының маңындағы жайылымда қой бағып жүрген Жамбыл облысының 62 жастағы тұрғыны ұсталды, одан 15 келі 500 грамм кептірілген марихуана табылып, тәркіленді.

Бұл факт бойынша ҚР ҚК-нің 296-бабының 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Күдікті өз кінәсін мойындады және қамауға алынды.

Бұдан басқа Жамбыл облысында орналасқан 15 дәріхана, 18 дәрі қоймасы, 6 емдеу мекемесі, 3 өндірістік кәсіпорын тексерілді.

Полиция қызметкерлері заңсыз айналымнан 2 келі гашиш, 22 келі марихуана, құрамында есірткі және психотроптық заттары бар 1 480 ампула тәркіледі.

Loading

от admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
Астарлы ақиқат агенттігі whatsapp желісі
Сәлеметсіз бе?
Сізге қандай көмек көрсете аламыз?